Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №12 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                               2025 жылғы 17 қыркүйек

  1. «Қарт адамдарды қолдау шаралары, әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру және оларды қоғамдық өмірге тарту туралы. Ақмола облысындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмыс тәжірибесі».
  1. «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олар үшін кедергісіз орта құру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы».

Бірінші мәселе бойынша:

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның бірінші мәселе бойынша ақпаратын тыңдап, талқылай отырып, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары-мүшелері бүгін аға буын адамдары дамып, қарым-қатынас жасап қана қоймай, қоғамдағы өз маңызын сезіне алатын кеңістік құрып жатқанын атап өтті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша бүгінгі күні ЗТМО деректері бойынша 118 550 зейнетақы алушы (оның ішінде ерлер – 42 959 адам, әйелдер – 75 591 адам) бар. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша - 31 331 зейнеткер.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №319 «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша қалалардың/аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (Көкшетау қ., Степногорск, Зеренді және Ерейментау аудандары) КММ форматында Белсенді ұзақ өмір сүрудің 4 орталығы ашылды. Облыстың барлық аудан орталықтарында осындай орталықтар ашылады деп жоспарлануда.

Орталықтардың жұмысы қарт адамдарға денсаулықты қолдау бойынша көмек көрсетуге, қолайлы және кедергісіз орта құруға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған.  Орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және әртүрлі қызметтер мен іс-шараларды, соның ішінде қызығушылық сабақтарын, цифрлық сауаттылықты оқытуды, медициналық және психологиялық кеңестерді, мәдени және білім беру іс-шараларын ұсынады.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен облыста қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес, 2025 жылдың қазан айында қарттарды әлеуметтік қолдау бойынша түрлі іс - шаралар өткізілетін болады (ұзақ мерзімді мерейтойларды құттықтау; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (АӘҚКО) тұратын адамдар үшін қайырымдылық акцияларын өткізу; а/ш жәрмеңкесін ұйымдастыру; қарттар мен мүгедектер арасында спорттық жарыстар өткізу және т.б.).

2025 жылдан бастап Ақмола облысында әлеуметтік қолдаудың жаңа шарасы-жасына байланысты зейнеткерлерге санаторий-курорттық емделуге жұмсалатын шығындарды өтеу басталды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласында тұратын барлық зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігі берілді.

Бұл бастамалардың басты мақсаты - қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту және олар үшін кофморт жағдайларын жасау.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш. С. Рахматуллинаның ақпаратын назарға ала отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Ш. С. Рахматуллинаға):

2.1. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін бақылауды жалғастыру.

2.2. Облыстың барлық аудан орталықтарында және Қосшы қаласында 2026 жылдың соңына дейін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру.

2.3.Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесіп, Көкшетау қаласының бюджетінен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын одан әрі қаржыландыру мәселесін қарастыру.

2.4. Егде жастағы азаматтар арасында сауықтыру, оқыту және бос уақыт бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

2.5. Қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы шеңберінде жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоса алғанда, барлық санаттағы іс-шаралармен кең қамтуды қамтамасыз ету ұсынылсын.

Екінші мәселе бойынша:

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Н. Р. Шерьяздановтың екінші мәселе бойынша ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың депутаттары - тұрақты комиссияларының мүшелері облыста мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қолдау және кедергісіз бағдарламалар, орта құру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында қолжетімділіктің интерактивті картасы жұмыс істейді. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша әлеуметтік инфрақұрылымның 1716 объектісі туралы мәліметтер жарияланды оның ішінде кресло-арбашылар үшін 1158 объект, есту қабілеті бұзылған адамдар үшін 1257 объект, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін 1162 объект, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 1158 объект бар.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері интерактивті қолжетімділік картасында ұсынылған ақпараттың сапасы мен өзектілігін бақылаудың жеткіліксіздігіне назар аударды – көптеген объектілер қателіктермен немесе өзекті емес мәліметтермен көрсетіледі.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің деректеріне сәйкес, «AMANAT» партиясының жол картасы аясында 2025 жылы 192 нысанды бейімдеу жоспарланған, алайда есепті күндегі жағдай бойынша тек 79 нысан (41,1%) бейімделген. Кестеден артта қалу Целиноград, Аршалы және Қорғалжын аудандарында байқалады.

Сондай-ақ, қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жыл сайынғы айлығы шеңберінде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның және Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департамент басшысы Н. Р. Шерьяздановтың ақпаратын назарға ала отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Р. Шерьяздановтың ақпараттары назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Ш. С. Рахматуллинаға):

2.1. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасы мен тиімділігін бақылауды жалғастыру;

2.2. 2025 жылы бейімделуге жоспарланған 192 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жалғастыру;

2.3. Әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеудің басым тәртібін белгілеу мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп 2026 жылы бейімделуге жататын объектілер тізбесін өзектендіруді жүргізу; 

2.4. Мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру, оқыту, бос уақытты өткізу бағдарламаларына және өзге де әлеуметтік қолдау шараларына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

2.5. Мүгедектігі бар адамдардың проблемалық мәселелерін уақтылы шешу мақсатында уәкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, ай сайынғы негізде «Ашық есік күндерін» өткізу практикасын жалғастыру.

2.6. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша көрсеткішті облыс аудандары мен қалалары әкімдерінің жауапкершілігін арттыру және кедергісіз орта құру жөніндегі жоспарлардың орындалуына бақылауды күшейту мақсатында олардың қызметін бағалау рейтингісіне қосу мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.

  1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне (Н.Р. Шерьяздановқа):

3.1. Мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасы мен тиімділігін бақылауды жалғастыру;

3.2.  Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру бойынша бақылауды жалғастыру;

3.3. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жалғастыру ұсынылсын.

  1. Тұрақты комиссия қаулысының орындалуы бойынша ақпарат 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін берілсін.
  1. Қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                           С.Т. Сыздықов

 

 

Дата публикации
17 октября 2025