Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-12 шешімі

2026 жылға арналған мемлекеттік

аудит объектілерінің Тізбесіне

аудиторлық іс-шараны қосу бойынша

ұсыныс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 9-2) тармақшасына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-не 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне «Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде 2022-2024 жылдары қоршаған ортаға эмиссиялар үшін түскен және 2025-2027 жылдарға арналған Табиғатты қорғау жоспарын іске асыруға арналған қаражатты жоспарлау және іс-шараларды пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасын енгізу туралы ұсыныс енгізілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                  Б. Жүсіпов

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-12 шешімі
Дата публикации
16 октября 2025