|
«Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
|
|
|
|
|
||
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, «Ақмола облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 11 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы» Ақмола облыстық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 16/76 қаулысы және «Ақ жол» Қазақстан ҚДП Ақмола облыстық филиалының ұсынысы негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 11 округтік сайлау комиссиясының құрамына Анастасия Генадьевна Акубасова сайлансын,
көрсетілген құрамнан Федотова Инна Викторовна шығарылсын.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов