Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-2 шешімі

Ақмола облысы туристік

саласының жағдайы мен

даму перспективалары туралы

 

 

Ақмола облысы туризм басқармасы басшысының А.И.Подгурскийдің өңірдің туристік саласын дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы есебін тыңдап, Ақмола облыстық мәслихаты облыста өңірдің туристік әлеуетін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған елеулі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № 126 қаулысымен бекітілген Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың                  2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарында жалпы сомасы 113,7 млрд.теңгеге 118 іс-шараны іске асыру көзделген, оның 75-і облыс әкімдігіне бекітілген.

2025 жылға жалпы сомасы 7,7 млрд.теңгеге 32 іс - шараны орындау жоспарланған: республикалық бюджеттен - 0,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен-6,9 млрд. теңге. Ағымдағы күнгі жағдай бойынша іс жүзінде 5,6 млрд.теңге бөлінді, бұл жоспарланған көлемнің 73% құрайды, тапшылық  2,0 млрд. теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда 2,9 млрд. теңге сомасына 16 іс-шара қаржыландырылды, оның екеуі толық аяқталды. Сонымен қатар, тоғыз іс-шара 2,7 млрд.теңге көлемінде ішінара қаржыландырылды. Алайда, жалпы сомасы 0,6 млрд. теңгеге бес іс-шара қаржыландырусыз қалып отыр.  

Сонымен қатар, бірқатар бағыттар бойынша бюджеттен тыс қаражат тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жеке инвестицияларды тарту, жаңа туристік маршруттарды іске қосу, цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлік брендті қалыптастыру бағыттарында елеулі ілгерілеушілік байқалады.

18 іс - шараны іске асыру бюджеттен тыс қаражат есебінен көзделген, оның жетеуі бойынша - бастамашылар айқындалған, екеуі бойынша - инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, біреуі бойынша - жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге уағдаластыққа қол жеткізілді.     

Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке компаниялардың қатысуын қоса алғанда, жекелеген проблемалық объектілерді іске асырудың баламалы тетіктері белсенді пысықталуда.

Баяндалғанның негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы А.И.Подгурскийдің ақпараты назарға алынсын.
  2. Бірқатар негізгі іс-шараларды орындау, бюджеттен тыс инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейту бойынша оң нәтижелерді атап өту.
  3. Ұсыну:

Ақмола облысының туризм басқармасы:

- инвестицияларды тарту және қаржыландырудың баламалы көздерін іздеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру;

- дайындық сатысындағы іс-шаралар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жеделдету;

- балаларға арналған туристік маршруттарды олардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау;

- Ерейментау ауданында туризмді дамыту бойынша шаралар қабылдау (сакралды нысандарды цифрландыру және ілгерілету; этно-экологиялық және білім беру турларын ұйымдастыру; туристік маршруттарды әзірлеу; Көбейтұз көлінде туризмді дамыту; «Бұйратау» ұлттық паркін басқаруды оңтайландыру);

- дайындық кезеңіндегі іс-шараларға қатысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесін жеделдету.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы, «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС:

- перспективалы туристік бағыт ретінде өңірдің оң имиджін қалыптастыруға жәрдемдесу;

- туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шараларды табысты іске асырудың мысалдарын жариялау;

- туризм саласында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке бастамаларды танымал ету;

- туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша қол жеткізілген нәтижелерге және ағымдағы бастамаларға жұртшылықтың назарын аудару.

  1. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат 2025 жылғы 19 қазаннан кешіктірілмей берілсін.
  2. Туризм мәселелеріне жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына осы шешімнің орындалуын бақылауға алу ұсынылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық сұрақтар және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                             Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-2 шешімі
Дата публикации
06 октября 2025