Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-1 шешімі

Сегізінші шақырылған Ақмола

облыстық мәслихатының кезекті

жиырма екінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Ақмола облысы туристік саласының жайғдайы мен даму перспективалары туралы.

Баяндамашы: Подгурский Андрей Иванович - Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп.

Баяндамашы: Әбілқайыр Тілеуғабылұлы Ошақбаев - Ақмола облыстық мәслихаттың аграрлық сұрақтар және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

  1. «Ақмола облысының басқару схемасын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 6С-26-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Ибикенов Азамат Қалбекұлы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Толықбаев Саят Ермекұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысындағы ҚТҚ қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу кешендері» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы».

Баяндамашы: Әбілпейісов Батыржан Бауржанұлы - Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы».

Баяндамашы: Әбілпейісов Батыржан Бауржанұлы - Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

  1. Ақмола облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірдің мәселелерін шешу жөніндегі ғылыми кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 8С-13-20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне аудиторлық іс-шараны қосу бойынша ұсыныс енгізу туралы.
  3. Ақмола облысы Көкшетау және Қосшы қалаларының көшелеріне атаулар беру туралы.

Баяндамашы: Сабирова Гүлмира Сатвалдықызы - Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

  1. Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-1 шешімі
Дата публикации
06 октября 2025