Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік міселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ (12.08.2025 ж.)

Көкшетау қ.                                                               2025 жылғы 12 тамыз

 

Жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындық туралы:

Ақмола облысының білім беру саласындағы

проблемалар мен басым міндеттер

Облыстық білім басқармасының ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары - мүшелері Ақмола облысында жалпы 2025-2026 оқу жылына дайындық бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, өңірде 599 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 94,6% құрайды. 2025 жылдың басынан бастап 495 жаңа орын құрылды, жыл соңына дейін тағы 790 орын енгізу жоспарлануда, бұл мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа оқу жылында облыстың 526 мектебінде 140 мыңнан астам оқушы, оның ішінде 12 мың бірінші сынып оқушылары білім ала бастайды.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 1548 орындық 5 жаңа мектеп ашу жоспарлануда, бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға көмектеседі. 28 мектеп күрделі жөндеумен қамтылды, оның 20-сы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жаңарту тізбесіне енгізілді.

Инклюзивті білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылады: облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1351 бала, сондай-ақ мүгедектігі бар 2054 бала оқиды. Өңірде 1800-ге жуық бала баратын 104 ресурстық кабинет жұмыс істейді.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері барлық мүдделі органдардың іс-әрекеттерін одан әрі назар аударуды, бақылауды және үйлестіруді талап ететін басым бағыттарды белгіледі.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің ақпаратын тыңдап, комиссия мүшелері мектептерді лицензиялауды, білікті педагог кадрлардың жетіспеушілігін, біліктілік деңгейінің төмендігін, ауыл мектептерін материалдық-техникалық жарақтандыруды, оқушылардың тамақтану сапасын және басқа да аспектілерді қоса алғанда, өзекті проблемалық мәселелерге назар аударды.

Мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын және проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а. В.Г.Гамазовтың ақпараты назарға алынсын.

Ұсыну:

Ақмола облысының білім басқармасына (В.Г.Гамазовқа):

1.1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселесін ерекше бақылауға алу.

1.2. Кәсіби құзыреттілігі жоғары, әсіресе ауыл мектептері үшін педагог кадрларды іріктеу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру.

Ерейментау ауданы Майлан ауылының мектебін математика және физика мұғалімдерімен қамтамасыз ету мәселесін жеке қарастырсын.

1.3. Мекемелерді жылыту маусымына дайындау бойынша рәсімдердің уақтылы жүргізілуін, оның ішінде отынмен қамтамасыз ету мәселесін қамтамасыз ету.

Ерейментау ауданының Ақмырза орта мектебінде жылу жүйесін жөндеуге ерекше назар аударылсын.

1.4. Келесі мәселелерді ерекше бақылауға алынсын:

- Білім беру ұйымдарын белгіленген мерзімде күрделі және ағымдағы жөндеуді аяқтау.

- Барлық оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету;

- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоса алғанда, балаларды тасымалдау логистикасын ұйымдастыру;

- Білім беру мекемелерінің оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету және СЭС қорытындыларын уақтылы алу (21-ші мектепте ас блоктарына арналған СЭС қорытындылары жоқ).

1.5. Перспективалы педагогтердің тәлімгерлігін, кәсіптік оқуын және тағылымдамаларын дамытуды қоса алғанда, білім беру ұйымдарының басшылары (білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары) үшін кадр резервін құру мүмкіндігін қарастыру.

1.6. Педагог кадрларды бекіту үшін, оның ішінде «Психология» мамандығы бойынша ЖАО білім беру гранттарын бөлу практикасын жалғастыру. ТжКБ ұйымдарын психология мамандарымен жасақтау мәселесін қарастыру.

1.7. Білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттерге медициналық қызмет көрсету мәселесін бақылауға алу және шешуді қамтамасыз ету.

1.8. 2026 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде келесі білім беру ұйымдарын: Ерейментау ауданының Майлан және Ақмырза орта мектептерін; Қорғалжын ауданының Арықты, Кеңбидайық орта мектептері мен Үшсарт ауылындағы мектебінің күрделі жөндеу жобаларын қосу мүмкіндігін қарастыру.

  1. Ақмола облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің ақпараты назарға алынсын.

Ұсыну:

Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне (О. Қ.Қаппасовқа):

2.1. Лицензия алудың бекітілген алгоритмін міндетті түрде сақтай отырып, білім беру ұйымдарын, әсіресе жаңадан пайдалануға берілген объектілерді лицензиялау мәселесін ерекше бақылауға алу.

2.2. Білім беру ұйымдарының лицензиялық шарттарды, сапа стандарттарын, санитарлық нормаларды, кадр құрамы мен оқу-материалдық базаға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды күшейту.

2.3. Білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасына назар аудару. Функционалдық сауаттылыққа, оқушылардың жетістіктеріне және оқу нәтижелеріне назар аудара отырып, бағдарлама мазмұнының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу.

  1. Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (С. С. Омархановқа):

3.1. Білім басқармасымен, жергілікті атқарушы органдармен және мектеп басшыларымен білім беру мекемелеріне де, ас блоктарына да санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды (СЭҚ) уақтылы алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.

3.2. Мектептегі ас блоктарында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер арасында санитарлық нормалар мен талаптарды сақтаудың міндеттілігі бойынша жүйелі негізде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

3.3. Қысқа мерзімде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұзушылықтарды жою мерзімдерін қоса алғанда, әрбір объект бойынша нақты жол карталарын дайындай отырып, рұқсат беру құжаттарынсыз (СЭҚ) жұмыс істейтін 8 мектепке қайта тексеру жүргізу.

  1. Тұрақты комиссия қаулысының орындалуы бойынша ақпарат 2025 жылғы 1 қазанға дейін берілсін.
  1. Қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты косиссияның төрағасы                                                         С.Сыздықов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 сентября 2025