Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 8С-16-2 «2025-2027 арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 8С-21-1 шешімі
Дата публикации
08 августа 2025