Көкшетау қ. 2025 жылғы 24 шілде
Күн тәртібінде:
Төрағалық етуші: Сыздықов С.Т. – облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Қатысушылар: депутаттар – облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері (тізім бойынша).
Бірінші сұрақ бойынша:
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Т.Кәрімованың ақпаратын тыңдап, тұрақты комиссия мүшелері:
- Өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, азаматтық қоғамды, жастар және ақпараттық саясатты дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда;
- Қоғамдық көңіл-күй мониторингі жүзеге асырылуда, проблемалық мәселелер тізілімі жаңартылуда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 100-ден астам жоба іске асырылуда;
- ҮЕҰ, жастар және БАҚ-пен белсенді жұмыс жүргізілуде, волонтерлікті, этномәдени диалогты және өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын дамытудағы табыстарды атап өтті.
Жүйелі және жоспарлы жұмыстармен қатар екі облыстық «Арқа ажары» және Акмолинская правда» газеттерін шығару бойынша қызметті жүзеге асыратын «Ақмола-Тіршілік» ЖШС – нің қаржылық жағдайына байланысты бірқатар проблемалық мәселелер бар. Басылымдар облыс халқы арасында мемлекеттік саясатты іске асыруды және түсіндіруді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайды.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту және жастар, тіл және ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі шаралар туралы ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы бірінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ұсыну:
2.1. Әлеуметтік зерттеулерді қамтуды кеңейту, «Әлеуметтік проблемалар картасын» бейінді мемлекеттік органдарға және облыстық мәслихатқа жедел шешімдер қабылдау үшін жүйелеу және уақтылы жіберу.
2.2. «Ақмола-Тіршілік» ЖШС қызметін тұрақтандыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, өңірдің ақпараттық дамуының Жол картасын әзірлеу, жалақы бойынша берешекті өтеуге және кәсіпорын жұмысын тұрақтандыруға қосымша бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін көздеу.
2.3. Контенттің тиімділігі мен сапасына баса назар аудара отырып, ақпараттық мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру критерийлерін қайта қарау.
2.4. Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында «Қазақ радиосын» трансляциялау мүмкіндігін қарастыру және зерделеу.
2.5. Өзекті идеологиялық басымдықтарға сәйкес саябақтың атауын «Революция үшін күресушілерге» өзгерту мәселесін бастау мүмкіндігін қарастыру.
2.6. Студенттік жастарды әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен жобаларға тарту арқылы олармен жұмысты күшейту. «Жасыл Ел» және «Таза Қазақстан» бағдарламаларын іске асырудың үздік тәжірибелерін ілгерілете отырып, БАҚ-та экологиялық және әлеуметтік бастамаларды кеңінен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
2.7. Аналар кеңесі қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу, облыстық құрылым төрағасының штат бірлігін енгізу және Аналар кеңесінің өкілдерін облыс, аудандар және қалалар әкімдіктері жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына енгізу мүмкіндігін қарастыру.
2.8. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ҚР Әнұранын «Әнұраннан» «Елұранға» қайта атау туралы ұсыныс енгізу мәселесін қарастыру.
2.9. Әлеуметтік ықпал ету және орнықтылық критерийлері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ жобаларының тиімділігіне жүйелі талдау жасауды қамтамасыз ету.
Екінші сұрақ бойынша:
Дін істері басқармасының басшысы Б. Н. Қасеновтың ақпаратын тыңдап, тұрақты комиссия мүшелері:
- Облыста халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, АТТ, діни бірлестіктер жұмыс істейді, 5 әлеуметтік жоба іске асырылуда;
- Деструктивті ағымдарға қарсы мониторинг құралдары белсенді қолданылады;
- Жастармен жұмыс істеуге, радикалданудың алдын алуға, ақпараттық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Ақмола облысы Дін істері басқармасының ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы екінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ұсыну:
4.1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту.
4.2. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен діни қауіпсіздік мәселелері бойынша жастар, студенттер мен ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
4.3. Деструктивті діни идеяларды тарату тұрғысынан интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілердің мониторингін күшейту.
4.4. Білім беру мекемелерінде, бас бостандығынан айыру орындарында және осал әлеуметтік топтар арасында профилактикалық жұмысты жандандыру және үйлестіру.
4.5.Облыстың аудандары мен қалаларында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) белсенді және жүйелі жұмысын жалғастыру.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С.Сыздықов