Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 604 821 288,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 87 233 797,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 22 209 159,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 95 000,0 мың тенге;
трансферттер түсімі – 495 283 332,5 мың теңге;
2) шығындар – 608 587 119,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 596 096,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 24 371 764,9 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 13 775 668,5 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 324 191,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 330 691,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 6 500,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -14 686 117,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 14 686 117,7 мың теңге.»;
7 және 8-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2025 жылға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві 888 377,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
көрсетілген шешімнің 1, 4 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов |
«КЕЛІСІЛДІ»
|
Ақмола облысының әкімі
__________________ М. Ахметжанов 2025 жылғы «_18___» маусым |
|
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ А. Шүгірмақова 2025 жылғы «__18__» маусым |