Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.А.Жүсіповтың облыстық мәслихаттың 2023-2024 жылдардағы қызметі туралы есебін тыңдап, Ақмола облыстық мәслихаты есепті кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге бағытталған елеулі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Есепті кезеңде барлығы 16 сессия өткізілді, оның ішінде 8-і кезекті, 8-і кезектен тыс сессиялар болды. Сессиялар нәтижесінде жалпы саны 183 шешім қабылданды, оның 50-і — нормативтік құқықтық сипаттағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты шешімдер.
Депутаттардың бекітуіне облыстық бюджетті қалыптастыруға және орындауға, Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ салық салу, жер пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы басқа да бірқатар мәселелерге байланысты шешімдердің аса маңызды жобалары шығарылды. Облыс әкімдігімен бірлесіп облыстың кейбір елді мекендерін әкімшілік-аумақтық орналастыру және қайта атау мәселелері қаралды.
Есепті кезеңде облыстық бюджет 12 рет нақтыланды, бұл үнемделген қаражатты басым бағыттарға қайта бөлуге мүмкіндік берді.
2023 жылы мәслихаттар жұмысының тәжірибесінде алғаш рет аудандар мен қалалар әкімдерінің үш жылдық бюджеттерін мәслихат депутаттары алдында қорғау рәсімі енгізілді.
Аталған тәжірибені жалғастыра отырып, 2024 жылға арналған үш жылдық бюджетті қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері де мәслихат сессияларында тыңдалды.
Облыстық мәслихатта 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Соңғы екі жыл ішінде бұл комиссиялар мемлекеттік органдармен бірлесе отырып 80-нен астам отырыс және 70 тыңдау өткізді. Әрбір өткізілген іс-шараның негізінде өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің бірлескен жолдары мен нақты ұсынымдары әзірленді. Депутаттар жүйелі және дәйекті жұмыс жүргізуде:
- тұрақты комиссиялар мен жұмыс топтарының отырыстары үнемі өткізіліп тұрады;
- объектілерге көшпелі тексерулер жүзеге асырылады;
- атқарушы органдар өкілдерінің есептері мен ақпараттық материалдары тыңдалады.
Есепті кезеңде депутаттар сайлаушылармен 650 кездесу өткізді, 427 азаматты қабылдады, 212 өтінішті қарастырды.
Баяндалғанның негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
- өңірдің өзекті мәселелерін шешу кезінде, әсіресе бюджеттік саясатқа, жер қатынастарына және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты мәселелерде мемлекеттік органдармен сындарлы және әріптестік диалог құру;
- азаматтардың өтініштері бойынша, оның ішінде шалғайдағы ауылдық елді мекендерге тұрақты орындарға шығуды жүзеге асыру;
- олардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою үшін ауылдық жерлерде азаматтардың жеке қабылдауларын өткізуді жандандыру.
- басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде депутаттық корпустың ұсыныстарын, оның ішінде келесі бағыттар бойынша ескеруді ұсыну:
- аумақтарды абаттандыру,
- жерге орналастыру,
- көлік инфрақұрылымын дамыту,
- халықты әлеуметтік қолдау мәселелері.
- мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарауға жататын материалдарды алдын ала зерделеу, талдау және негізделген ұсыныстарды дайындау мақсатында депутаттарға алдын ала таныстыру ұсынылсын;
- талқыланатын мәселелердің тиімділігін арттыру және негізделген шешімдер қабылдау мақсатында облыстық басқармалардың бірінші басшыларының мәслихаттар отырыстарына және олардың есептерін қарау кезінде олардың басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тиісті өкілеттіктерінің болуына байланысты міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов