Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының күн тәртібі туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы: Ахметжанов Марат Мұратұлы - Ақмола облысының әкімі.

  1. 2. Облыстық мәслихаттың қызметі жөнінде Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.

Баяндамашы: Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы - Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.                                                                             

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 8С-16-2 «2025-2027 арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы.

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары  басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары  басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірдің мәселелерін шешу жөніндегі ғылыми кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 8С-13-20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 8С-2-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 маусымдағы № 8С-20-1 шешімі
Дата публикации
05 августа 2025