Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Ақмола облысы Егіндікөл ауданының ауылдық округін құру жөнінде ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/216 қаулысының және Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С26-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жалпы алаңы 3624 гектар Спиридоновка және Абай ауылдарының шекараларында Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын, Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округінің әкімшілік орталығы Спиридоновка ауылы айқындалсын.
  2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

 

                        М. Ахметжанов

 

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

 

                        Б. Жусупов

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.04.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8920-03 болып енгізілді

 

2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-7
Дата публикации
29 июля 2025