Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының №9 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қаласы                                                           2025 жылғы 17 шілде

 

Істердің нақты жай-күйі және

денсаулық сақтау саласындағы

мамандарды қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы

(гранттар, стипендиялар, нысаналы оқыту бағдарламалары).

Проблемалық мәселелер және бар тапшылықтар.

Төрағалық етуші: Қойшыбаев М.С. – Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Қатысушылар: депутаттар – облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері (тізім бойынша).

 «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ жоғары медицина мектебінің директоры С. К. Мұратбекованың және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.К.Сахиевтің ақпаратын тыңдап, талқылап, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері-депутаттар бүгінгі күні облыста медициналық кадрларды облыстың емдеу ұйымдарына тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның білім беру гранттары бойынша 423 студент оқиды. Оның ішінде 235 бакалавр, 99 интерн және 89 резидент. 2025 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалаврлардың алғашқы 48-і оқуларын тәмамдап облыстың медициналық ұйымдарына жіберілді. Қосымша, республикалық грант бойынша 2025 жылы өңірге 186 резидент бекітілді.

Дегенмен, ұлттық денсаулық сақтау кадр ресурстары обсерваториясының деректері бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау саласындағы жалпы кадр тапшылығы 2025 жылғы жағдай бойынша 406 маманды құрайды. Сонымен қатар, 2021-2024 жылдар аралығында ЖАО гранттары бойынша 128 резидент даярланды, олардың едәуір бөлігі әртүрлі себептермен — декреттік демалыстар, гранттық қаражатты қайтару, жұмысқа орналасу аймағының өзгеруі бойынша міндетті пысықтауды аяқтамады.

Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық кадрларды даярлау мен бекітудің тиімділігін арттыру, облыстың емдеу ұйымдарын оқытуға және олардың тұрақты кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ жоғары медицина мектебінің директоры С.Қ. Муратбекова және Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. К. Сахиевтің ақпараты назарға алынсын.

ҰСЫНЫЛДЫ:

2.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы (Сахиев С. К.):

2.1. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті пысықтау бөлігінде жергілікті атқарушы органның гранттары бойынша білім алатын түлектердің міндеттемелерінің орындалуын бақылауды күшейту.

2.2. Студенттер, практикадан өту орындары, жұмысқа орналасу және міндеттемелерді пысықтау фактілері туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай электрондық деректер базасын құра отырып, облыс бюджетінің қаражаты есебінен дайындалған медициналық кадрлардың жүйелі мониторингі мен есебін қамтамасыз ету.

2.3. Түлектердің шарттық міндеттемелерді орындамау себептеріне қосымша талдау жүргізу және алдын алу және құқықтық тетіктерді қоса алғанда, гранттарды қайтару және кадрлардан айрылу жағдайларын азайтуға бағытталған алдын алу шараларының кешенін әзірлеу.

2.4. Медициналық бейіндегі мамандарды даярлау, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат депутаттарын, облыстың қоғамдық кеңесінің өкілдерін тарта отырып, жұмыс тобын қалыптастыру. Жұмыс тобы дайындалған медициналық кадрларға және олардың нақты жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізсін, облыстың медициналық ұйымдарында жұмыс істеуден бас тарту себептеріне талдау жасасын, сондай-ақ медициналық қызметкерлерге бұрын бөлінген тұрғын үй беруді, оның ішінде шарттарды, қамтамасыз етуді және бөлу кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауды талдасын.

Мониторинг нәтижелері бойынша медициналық кадрларды бекіту тетіктерін жақсарту және тиісті процестердің ашықтығын арттыру жөнінде ұсыныстар беру.

2.5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін қысқа мерзімде ұсыныстар дайындау.

2.6. Қысқа мерзімде облыстық бюджет қаражатынан «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінімді дайындау және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жіберу.

2.7. Облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір медициналық ұйым бойынша жақын жылдарға арналған қажеттілік болжамын қалыптастыра отырып, нақты кадрлық қажеттілікті, демографиялық жүктемені және инфрақұрылымның жай-күйін ескере отырып, медициналық кадрларды даярлауға өтінімдерді өзектендіруді қамтамасыз ету.

2.8. Коммуналдық қызметтердің өтемақысын, көтерме және басқа да ынталандырушы төлемдерді ұсынуды қоса алғанда, ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуына мониторинг ұйымдастыру.

2.9. Жүйелі негізде облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық ЖОО студенттерінің өндірістік практикасын және тағылымдамаларын ұйымдастыруға, оларды кейіннен осы ұйымдарда жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен жәрдемдесу.

  1. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, жоғары медицина мектебі (С. К. Мұратбекова):

3.1. Ақмола облысынан «Жалпы медицина», интернатура және резидентура білім беру бағдарламаларына талапкерлерді мақсатты іріктеу бойынша белсенді жұмысты одан әрі жұмысқа орналастырудың және түлектерді өңірдің медициналық ұйымдарында бекітудің міндетті шартымен жалғастыру.

3.2. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу ұйымдарымен тығыз байланыста өңір үшін тапшы және басым мамандықтар бойынша резидентураны дамытуды жалғастыру.

3.3. Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп білім алушылар мен түлектерді оқу орнына қабылдау кезеңінен бастап жұмысқа орналасуға дейін мониторингтеу және сүйемелдеу жүйесін әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау мекемелерінде пысықтау жөніндегі міндеттемелердің орындалуын бақылау, медициналық ұйымдардың тұрақты есептілігі мен кері байланысы.

3.4. Медициналық кадрларды практикалық даярлау сапасын арттыру мақсатында облыстың медициналық ұйымдары базасында студенттердің клиникалық практикасының көлемі мен ұзақтығын ұлғайту, практик дәрігерлерді практикадан және интернатурадан өтіп жатқан студенттер мен жас мамандарға бекіту жолымен тәлімгерлік институтын ұйымдастыру, кадрлар даярлауда ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін өңірдің емдеу мекемелерімен шарттар жасасуға жәрдемдесу.

  1. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты депутаттық бақылауға алсын.
  2. Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін берілсін.
  3. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.

Экономика және бюджет мәселері жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрағасы                               М.Қойшыбаев

Дата публикации
25 июля 2025