Көкшетау қ. 2025 жылғы 1 шілде
«Өңірдегі спорт инфрақұрылымының жай-күйі мен дамуы, спорт ұйымдарының қызметі және Ақмола облысындағы бұқаралық спортты дамыту перспективалары туралы»
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Б.Төлендиннің, ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері-депутаттар өңірде тұтастай алғанда спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, спорт ұйымдарының қызметі жанданатынын және бұқаралық спортты дамытуда оң өзгерістер байқалатынын атап өтті.
Басқарманың ақпараты бойынша, халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартудың негізгі факторларының бірі қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылымның болуы. Облыстағы спорт нысандарының желісі жыл сайын кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда өңірде 1124 спорт ғимараты, оның ішінде 734 спорт залы жұмыс істейді. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 64,8% құрайды.
2024 жылы Есіл, Қосшы және Степногорск қалаларында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бурабай ауданының Мәдениет ауылында 1 спорт кешені; 16 спорт алаңы (2 - Біржан сал ауданында, 3 - Бурабай ауданында, 11 - Көкшетау қаласында) салынды.
Красный Яр, Бестөбе, Қорғалжын, Родина, Жақсы, Бозайғыр ауылдарында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің; Бестөбе ауылында стадионның; Щучинск қаласындағы Спорт сарайының; Көкшетау қаласындағы көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Зеренді ауданы Зеренді ауылында спорт мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды.
Спорттық инфрақұрылымның кеңеюінің арқасында облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 330 мың адамға жетті, бұл жалпы халықтың 41,8% құрайды (2024 жылға жоспар бойынша-40%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда — өсім 11 мың адамды құрады (3,5% - ға).
Балалар мен жасөспірімдерді тартуға ерекше назар аударылады. Облыста 20 453 оқушыны қамтитын 29 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл бағыттағы маңызды тетік damubala.kz платформасы арқылы іске асырылатын мемлекеттік спорттық тапсырыс болып табылады. 2025 жылы бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 8736 ваучер іске қосылды, тағы 9426 бала кезекте тұр.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпаратын назарға ала отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру, бұқаралық спортты дамытуға жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды белсенді кеңейту, ваучерлік жүйені іске асыру жағдайында (damubala.kz) Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру және 2025 жылдың соңына қарай облыс халқының жалпы санының кемінде 42% - ы көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
2.2. Басым спорт объектілерінің: бес дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (Жақсы ауылы, Қорғалжын ауылы, Красный Яр ауылы, Бестөбе ауылы, Бозайғыр ауылы), Щучинск қаласындағы спорт сарайының құрылысын аяқтауды бақылауға алсын (мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін).
2.3. Облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен бірлесіп жүйелі негізде құрылыс жұмыстарының сапасына және бюджет қаражатын игерудің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру.
2.4. «Астрахан ауданы Жалтыр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру жөніндегі мәселені бақылауға алсын.
2.5. Ваучерлерді бөлу тетігінің ашықтығын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін қоса алғанда, мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру сапасына бақылауды күшейту.
2.6. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастыру және жұмыс тобының құрамына облыстық мәслихат депутаттарын және / немесе қоғамдық кеңес мүшелерін қосу.
2.7. Спорт залдарын, стадиондарды, көше спорт түрлеріне арналған алаңдарды, бейімделген дене шынықтыру объектілерін салуға және жаңғыртуға басымдық бере отырып, аудандар мен ауылдық елді мекендерде спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру.
2.8. Халықтың барлық санаттары, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін спорт объектілерінің барлық түрлеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
2.9. Ақмола облысының аудандары мен қалалары бөлінісінде бейінді бөлімдердің ұйымдық құрылымының ағымдағы жай-күйіне жан-жақты талдау жүргізу: дербес дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің болуы; жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің құрылымы, саны және бағыныстылығы; халықты спорттық бағдарламалармен қамту; жергілікті жерлерде іс-шараларды үйлестіру мен іске асырудағы ағымдағы қиындықтар.
Талдау негізінде облыс әкімдігіне аудандық және қалалық әкімдіктерде дербес дене шынықтыру және спорт бөлімдерін құру қажеттілігі негізделе отырып, оның ішінде:
- бейінді орган болмаған кезде өзекті проблемалар мен тәуекелдер;
- мұндай бөлімдер құрылған аудандардың оң тәжірибесі;
- жергілікті деңгейде институционалдық нығайтудан күтілетін нәтиже.
2.10. Азаматтарды дене белсенділігіне ынталандыратын аудандық және облыстық жарыстар, спорттық акциялар мен фестивальдар өткізуді қоса алғанда, бұқаралық спортты танымал ету жөніндегі іс-шараларды күшейту.
Тұрақты комиссия қаулысының орындалуы бойынша ақпарат 2025 жылғы 1 қарашаға дейін берілсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С.Сыздықов