«Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы                                            № А-3/155 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-5  шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

         Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамына енгізілсін:

Ғалымова Айнаш Серғалиқызы - әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығының бас инспекторы, комиссияның хатшысы. 

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихаты төрағасының

міндетін атқарушы                                                                                                     С. Сыздықов

                                                                          

 

 

                                                                            

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8С-18-9 шешімі
Дата публикации
08 июля 2025