«Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің                   2025 жылғы 14 наурыздағы № А-3/155 қаулысына негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21  қазандағы № 5С-42-9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамына енгізілсін:

          Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

Мұхамедияр Саян Болатұлы - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;

көрсетілген құрамнан шығарылсын: И.У. Ибрагимов.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихаты төрағасының

міндетін атқарушы                                                                                          С. Сыздықов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8С-18-8 шешімі
Дата публикации
08 июля 2025