Ақмола облыстық мәслихатының 2023-2024 жылдардағы атқарған жұмысы туралы мәслихат төрағасының есебі

 

Ақмола облыстық мәслихатының

2023-2024 жылдардағы атқарған жұмысы

туралы мәслихат төрағасының есебі

 

Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы 75% - ға жаңарды, бұл өңірдің өкілді билігін жаңартудағы маңызды қадам болды.

Жалпы облыс бойынша жергілікті өкілді билік органдарында бүгінде 265 депутат жұмыс істейді.

Мәслихат құрамында айқын жасару үрдісі байқалады: депутаттардың орташа жасы – 43 жас. Жыныстық арақатынас бұрынғы 7-шақырылымдағыдай сақталған – ерлер 70%, әйелдер 30%. Жастардың үлесі 22%-ға жетіп, айтарлықтай өскен.

Депутаттар арасында әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері бар, бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді қарауға мүмкіндік береді.

Партиялық құрам да маңызды: мәслихаттарда 5 саяси партия өкілдері бар; 

Депутаттардың 6%-ы – партиясыздар.

Облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар төрағаларының 50%-дан астамы жаңартылған.

Ақмола облысының депутаттық корпусы кәсіби даярлықтың жоғары деңгейіне ие. Оның құрамында ғылыми дәрежелері мен түрлі салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандар бар.

Атап айтқанда, Ахат Нұртас Ахатұлы - филология ғылымдарының кандидаты, Аяпбергенова Анар Сайлаубекқызы - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Барлық депутаттардың жоғары білімі бар, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері бойынша шешімдерді талқылап қабылдау жұмыстарына тиімді қатысуға мүмкіндік береді.

Депутаттар жұмысының негізгі нысаны жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңға сәйкес сессиялар болып қала береді. Олар арқылы мәслихат мемлекеттік саясатқа және өңірлік қажеттіліктерге сәйкес келетін негізгі міндеттерді іске асырады.

Есепті кезеңде 16 сессия өткізілді, оның ішінде 8 кезекті және 8 кезектен тыс. 183 шешім қабылданды, оның 50-і нормативтік құқықтық сипатта және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты.

Депутаттардың бекітуіне салық салу, жер пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы шешімдердің маңызды жобалары шығарылды. Облыс әкімдігімен бірлесіп облыстың кейбір елді мекендерін әкімшілік-аумақтық орналастыру және қайта атау мәселелері қаралды.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында депутаттар Қосшы қаласының бас жоспарының жобасын мақұлдады.

Қосшы қаласының депутаты Төребаев Айдын Бертісбайұлының бастамасымен Қосшы қаласының маңында орналасқан киелі және тарихи маңызы бар жерлерге өлкетану турын өткізу ұсынылды. Бұл ұсыныс мәдениет басқармасы тарапынан мақұлданып қолданды. 

2023 жылы депутаттар тиісті ведомстволармен бөлшек салық мөлшерлемесін 4-тен 2% - ға дейін төмендету мәселесін пысықтады. Нәтижесінде мәселе оң шешілді.

Бюджеттік саясатты жетілдіру - депутаттық корпус жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Есепті кезеңде облыстық бюджет 12 рет нақтыланды, бұл үнемделген қаражатты жетекші бағыттарға қайта бөлуге мүмкіндік берді.

2023 жылы мәслихаттар жұмысының тәжірибесінде алғаш рет депутаттар алдында аудандар мен қалалардың үш жылдық бюджеттерін қорғау енгізілді.

Бұл бастама бюджет процесінің ашықтығын арттырып, кешенді шешуді талап ететін бірқатар жүйелік проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Осы тәжірибені жалғастыра отырып, 2024 жылға арналған үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тыңдалды. Бұл мәліметтер шығыстардың қаншалықты негізді екенін жақсырақ түсінуге көмектесті және депутаттардың бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын нақты бақылауына жол ашты.

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін мәслихат тұрақты комиссиялардың отырыстарында мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептерін тыңдау арқылы жүзеге асырады.

Ақмола облысының даму жоспары депутаттардың бақылауында. Бұл бағытта жүйелі және дәйекті жұмыстар жүргізілуде:

- тұрақты комиссиялар мен жұмыс топтарының отырыстары үнемі өткізіліп тұрады;

- объектілерге көшпелі тексерулер жүзеге асырылады;

- атқарушы органдар өкілдерінің есептері мен ақпараттық материалдары тыңдалады.

Бұл формат туындаған сұрақтарға уақытында жауап беруге ғана емес, сонымен қатар тапсырмалардың орындалу сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Атқарушы және өкілді билік органдарының тығыз өзара іс-қимылда жұмыс істегені де маңызды.

Бұл бюджет мәселелеріне әр түрлі жағынан қарауға және жақсы шешім қабылдауға мүмкіншілік болады. Нәтижесінде тұрғындарға шынымен не қажет екенін жақсы түсінеміз және басымдықтарды дәлірек қоя аламыз.

Денсаулық сақтау мәселелеріне әрқашан ерекше назар аударылады. 

Біріншіден, қазір жергілікті бюджет арқылы тегін алуға болатын дәрілер тізімін кеңейттік.   

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлер мен фармацевтерге қосымша төлемдер бекітілді. 2023 жылы депутаттар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады:

- облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілгендерге 1 500 000 теңгеден 2 500 000 теңгеге дейін,

- Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларына, ауылдық жерлеріне және кенттеріне жұмыс істеуге жіберілгендерге 2 500 000 теңгеден 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін.

Бұл осы жерде қызмет атқаратын мамандар үшін айтарлықтай көмек болатынына келісесіздер деп ойлаймын.

Облыстық мәслихат депутаты Ғалымхан Банияшимұлы Сахановтың белсенділігі мен бастамасының арқасында Атбасар, Есіл және Жарқайың аудандарының созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерін қысқа мерзімде гемодиализ рәсімдеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік-медициналық мәселені шешуге мүмкіндік туды.

Жұмыс сапарлары шеңберінде, содан кейін отырыстарда жекелеген денсаулық сақтау мекемелері – Степногорск қалалық ауруханасының, облыстық жедел жәрдем станциясының, Көкшетау қалалық ауруханасының, облыстық балалар ауруханасының, қан орталығының және басқа да денсаулық сақтау объектілерінің проблемалық мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Кредиторлық берешекті өтеу, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, ауылдық медициналық мекемелер үшін мамандандырылған автокөлік және ауруханаларға арналған жабдықтар сатып алу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, Астана маңындағы елді мекендерде «жедел жәрдем» жұмысы, ауылдық жерлерде ФАП жөндеу және салу, білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелерді күрделі жөндеу мәселелері. Барлық осы проблемалық мәселелер бойынша депутаттар мемлекеттік органдармен бірлесіп, бюджет мүмкіндіктері мен сайлаушылардың тілектерін ескере отырып, шешу жолдарын табуға тырысады.

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды мәслихат тұрақты комиссиялардың отырыстарында мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептерін тыңдау арқылы жүзеге асырады.

 Облыстық мәслихатта барлығы 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Әрқайсысының артында өзекті мәселелер тұрған, проблемаларды шешудің бірлескен жолдары мен тиісті ұсынымдар айқындалатын 2 жыл ішінде мемлекеттік органдардың 80-нен астам отырысы және 70 тыңдауы өткізілді.

(экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия - төрағасы Қойшыбаев Марат Советұлы,

әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия - төрағасы Сыздықов Саят Төлегенұлы,

аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссия – төрағасы Ошақбаев Әбілқайыр Тілеуғабылұлы,

депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия - төрағасы Безвербный Павел Николаевич).

Мәслихатта тұрақты комиссиялардан басқа екі депутаттық топ жұмыс істейді: «Еңбек» (Марат Советұлы Қойшыбаев) және «Бірлік» тобы - ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша (Умар Файзудинович Шоназаров). 

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының фракциясы тіркелген (фракция жетекшісі - Беспалинов Берген Маратұлы).

Қазір «Еңбек» депутаттық тобы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қолдаудың маңызды мәселесін көтеруде. Әңгіме денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері туралы.

Біз коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және осы мамандар үшін отын сатып алуға көмек көрсетуді қажет деп санаймыз, өйткені олар күн сайын ауылдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп өңірлердің дамуына баға жетпес үлес қосады.

Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламентімен белсенді ынтымақтастық басталды. Өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Сенат пен Мәжілістің шақыруы бойынша Ақмола облысының депутаттары заң шығару қызметіне қатысады.

Өткен жылы облыстық мәслихат өкілдері Қазақстан Республикасының Парламентінде түрлі заң жобаларын талқылаған 14 жұмыс тобына қатысты.

Биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз төртінші (34-ші) сессиясында достық пен ұлтаралық қатынастарды одан әрі насихаттау жөніндегі ұсыныстарға арналған баяндамамыз қатысушылардың оң бағасын алды.

Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ошақбаев Ә.Т. «Азық-түлік қауіпсіздігі - ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға қатысты.

Әкімов Б.С. Астана қаласында өткен оралмандардың халықаралық құрылтайына қатысты. Іс-шара әлемнің түрлі елдерінен тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың өкілдерін жинады.

Жыл бойы біздің депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырыстарында өзекті және проблемалық мәселелерді ашып айтты. Атап айтқанда:

* Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау мәселесін депутаттар Ошақбаев А.Т., Әкімов Б.С. және Жорабек А.Ж. қозғады;

* Ақбөкендердің жаппай басып кіру мәселесін депутаттар Саханов Г.Б. пен Пшенов Т.А. көтерді.

Осы талқылауға қатысу өңірлердің позициясын орталық билік органдарына жеткізуге және мемлекеттік аграрлық саясатты қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтардың мүдделерін ескеруге ықпал етеді.

Бұдан басқа, облыстық мәслихат депутаттары облыс әкімдігі, «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға (ККО), мониторингтік комиссиялар мен жұмыс топтарына енгізілді, онда олар халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Біз халықпен жұмыс істеуді аса маңызды деп санаймыз. Есепті кезеңде депутаттар сайлаушылармен 650 кездесу өткізді, 427 азамат қабылданды, 212 өтініш қаралды. Ақмола облыстық мәслихатының атына есепті кезеңде 396 өтініш келіп түсті.

Өтініштердің негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы проблемаларға қатысты екенін атап өткен жөн. Бұл облыс тұрғындары үшін осы тақырыптардың өзектілігін көрсетеді және тиісті мемлекеттік органдар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.

VIII шақырылым депутаттарының қызметі кезеңінде өңіріміз әлеуметтік-экономикалық дамуына қиын соққан - көктемгі су тасқыны төтенше жағдайына тап болды.

Атқарушы билік жоғары дайындықты көрсетіп жауап беруден бастап қалпына келтіруге дейінгі барлық кезеңдерде тиімді жұмыс атқарды. 

Біздің депутаттар зардап шеккендерге көмек көрсетуге айтарлықтай үлес қосты. Олар ең көп зардап шеккен отбасыларға атаулы материалдық қолдау көрсетті.

Депутаттар тарапынан көрсетілген көмектің жалпы көлемі 100 миллион теңгеден асты. Қаражат тікелей зардап шеккендерге де, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін құрылған қоғамдық қор арқылы да жіберілді.

Атқарушы органдардың үйлесімді жұмысы және депутаттардың белсенді қатысуы төтенше жағдайға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуге және зардап шеккен аудандардың тұрғындарына қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Депутаттар қайырымдылық іс-шараларға да белсенді атсалысып жатқаны қуантады. Мәселен, депутат Руслан Шамкенов Аршалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 17 миллион теңгеге «ГАЗель» шағын автобусын табыс етіп, балалар спортын дамытуға қосымша жағдай жасады.

Біздің көптеген әріптестеріміз өз кәсіпорындарында әсерлі өндіріс нәтижелерін көрсетеді. Олардың қатарында Клара Тұңғышқызы Меңдібаева, Тимур Амангелдіұлы Пшенов, Владимир Валерьевич Камышанский, Абай  Жүманұлы Жорабек, Умар Файзудинович Шоназаров бар.

Жоғары кәсібилік, белсенді азаматтық ұстаным және қоғам алдындағы жауапкершілік тәрізді құндылықтарды басшылыққа ала отырып, депутаттар халықтың сеніміне ие болып, өз сайлау округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың бастамалары мен қабылданған шешімдері ел дамуына оң әсер етіп, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.

Өткен жылы біздің төрт депутатымыз «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл – көпжылдық адал еңбекті және елдің дамуына қосқан елеулі үлесті лайықты мойындау деп бағаланады.

Қорытындылай келе, облыстық мәслихат ашық жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді: сайтта депутаттардың қызметі туралы материалдар жарияланады, сессиялар онлайн трансляциядан көрсетіледі, әлеуметтік желілер белсенді пайдалануда, өңірлік және республикалық БАҚ-та 400-ден астам материалдар жарияланды. Алғаш рет журналистер үшін ашық брифингтер өткізіп, депутаттардың тікелей эфир тәжірибесін енгіздік.

 

Дата публикации
30 июня 2025