Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі

Ақмола облыстық мәслихаты Ақмола облысының әкімі                                  М.М. Ахметжановтың есебін тыңдап талқылағаннан кейін есепті кезеңде облыста әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша едәуір жұмыс жүргізілгенін атап көрсетеді.

Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  2024 жылғы                              2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақтан халқына Жолдауына сәйкес алға қойылған міндеттер, басымдылықтар айқындалған, қабылданған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде экономиканың барлық салаларын дамыту бойынша бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру жалғасуда.

Қолданылған шаралар мен мемлекеттің айтарлықтай қолдауының арқасында экономиканың нақты секторында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң даму қарқыны байқалады.

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі бекітілсін.
  2. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын жүзеге асыру және экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша нәтижелі жұмысы атап көрсетілсін.
  3. Ақмола облысының әкімдігіне баяндамада көрсетілген, сондай-ақ депутаттардың және облыстық мәслихаттың сессиясына басқа да қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып облыс экономикасын қарқынды дамыту, экономикалық әлеуетін және халықтың тіршілік сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын.

Инфрақұрылымды және әлеуметтік объектілерді дамыту, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен барынша қамтуды қамтамасыз ету, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса назар аударсын.

  1. Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын жүзеге асыру барысын жүйелі бақылауды қамтамасыз етсін.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихаты төрағасының

міндетін атқарушы                                                                                                 С. Сыздықов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8С-18-2 шешімі
Дата публикации
25 июня 2025