Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 8С-16-2 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.

Баяндамашы: Сахиев Серик Қанатұлы - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21  қазандағы № 5С-42-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы.

  1. Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихаты төрағасының

міндетін атқарушы                                                                                                           С. Сыздықов

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8С-18-1 шешімі
Дата публикации
25 июня 2025