Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын және Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/562 және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулыларының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамы бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
  3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                  Б. Жүсіпов

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-15 шешімі
Дата публикации
10 июня 2025