«Ақмола облысының ономастикалық комиссияcының дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 7С-16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Ақмола облысы әкімідігнің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысының ономастикалық комиссияcының дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 7С-16-5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

Ақмола облысы ономастика комиссияның құрамына енгізілсін:

Айтбаев Досұлан Ерланұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы;

         Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы - Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

         Ержан Мағжан Қайратұлы - Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы;

         Медетова Тожибуви Усманқызы - «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);

         көрсетілген құрамнан шығарылсын: А.Б. Әміренова, А.А. Алин,                 А.Қ. Балташева, Т.А. Уәлиев.

2.Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді. 

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                             Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-11 шешімі
Дата публикации
10 июня 2025