«Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9  шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімінің қосымшасында:

«Шоназаров Омар Файзудинұлы – «Асыл Арман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісу бойынша);» деген жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«Шоназаров Омар Файзудинұлы – «КОКШЕ-ОРГАНИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша);».

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                Б. Жүсіпов

     

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-10 шешімі
Дата публикации
10 июня 2025