«Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 7С-18-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 7С-18-5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімінің 1-қосымшасында:

инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілсін:

Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы;

Мұратбек Ерасыл Ғаниұлы -  «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар дирекциясының басшысы (келісу бойынша);

Беспалинов Берген Маратұлы - Ақмола облыстық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы (келісу бойынша);

Шамкенов Руслан Жақсылықұлы - «Жаңа Өмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

Жакупов Азамат Темірғалиұлы - «Kazrost Engineering Ltd» жеке компаниясы директордың қаржы бөлімі жөніндегі орынбасары (келісу бойынша);

көрсетілген құрамнан шығарылсын: К.Ғ. Әлімжанов, М.Ж. Есенов,                С.А. Кистин.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-9 шешімі
Дата публикации
10 июня 2025