«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына енгізілсін:
Айтбаев Досұлан Ерланұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы;
Жанбекова Гүлнәр Хамитқызы - адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі (келісу бойынша);
Сәдуақасова Сәуле Серікбайқызы - Ақмола облысы санитариялы-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары (келісу бойынша);
Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы - Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары;
көрсетілген құрамнан шығарылсын: А.Б. Әміренова, Д.Қ. Майрамова, А.Ғ. Мұханжаров, Д.С. Нұран, Ш.С. Рахматуллина.
|
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов |