Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның №7 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                                        2025 ж. 22 мамыр

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ағымдағы жағдайы және проблемалық мәселелер туралы» Ақмола облысы бойынша Филиал директорының тыңдауы.

 

Төрағалық етуші: Сыздықов С.Т. – облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының, облыстық мәслихаттың басқа да тұрақты комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық (қалалық) мәслихаттардың  өкілдері (ZOOM).

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Т. А. Тұрмағанбеттің ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары-мүшелері Ақмола облысында 2025 жылғы сатып алу жоспары бойынша медициналық көмекті қаржыландыру 87,7 млрд. теңге, оның ішінде ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде 46,6 млрд. теңге соманы, МӘМС жүйесінде 41,1 млрд. теңге соманы құрағанын атап өтті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,3% - ға артық.

2025 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша сақтандырылғандар саны-638 077 адамды немесе тіркелген халық санының 82,4% -. (778 358 адам) құрады. Сақтандырылмаған-140 281 адам немесе 18%.

Талдау көрсеткендей, облыстағы сақтандырылмаған халқының 75% - ы отбасының цифрлық картасының (ОЦК) қолайлы санаттарына (А, В, С) жатады, МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеуге мүмкіндігі бар және дайын, бірақ кейбір себептер бойынша сақтандыру мәртебесіне ие емес.

МӘМС шеңберінде алуға болатын медициналық қызметтер тізбесі және МӘМС аударымдары мен жарналарын төлеудің дұрыстығы, МӘМС артықшылығы мәселелері бойынша сақтандырылмаған тіркелген азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылға арналған Ақмола филиалы 64 жеткізушімен медициналық көмекті сатып алу шартын жасасты, оның ішінде: 34 - мемлекеттік ұйымдар, 30-жеке меншік нысанындағы ұйымдар.

Филиал денсаулық сақтау субъектілерін басымдылық бойынша бірінші кезектегі шығыстарға (еңбекақы төлеу, салықтар мен аударымдар, дәрі-дәрмектер мен ММБ, коммуналдық шығыстар) аванс беру бойынша жұмыс жүргізді және жалпы сомасы 9,9 млрд.теңгеге 20% - ға дейінгі мөлшерде аванс жолдады. Жалпы, 2025 жылдың 1 тоқсанында қаржыландыру көлемі бұрын алынған авансты ескере отырып, 21,1 млрд.теңгеден асты.

Талқылау барысында депутаттар әрдайым нақты клиникалық жағдайды, медициналық көмек көрсету кезінде ақауларды талдау жүйесінің икемділігін арттыру қажеттігін және басқа да мәселелерді көрсетпейтін сапаны бағалаудың сызықтық шкаласын пайдалануға байланысты бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті.

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді қарастыра отырып, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру қажеттілігін негізге ала отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Т.А.Тұрмағанбеттың ақпараты назарға алынсын:
  2. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директорына ұсынылсын: (Тұрмағанбет Т. А.):

         1.1. Сақтандырылмаған азаматтардың Ақмола облысының МӘМС жүйесіне тартылуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ МӘМС жүйесіне қатысудың маңыздылығы мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізу арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру;

         1.2. Тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен Қор арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

         1.3. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қаражатын бөлудің тиімділігін арттыру мақсатында медициналық қызметтерді бағалау мен қаржыландырудың қолданыстағы тәсілдерін қайта қарау;

         1.4. Тұрақты негізде (ай сайын) Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына және медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша мониторинг нәтижелерін ұсыну;

         1.5. Халықтың медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына шағымдарының санын азайту мақсатында өңірдің медициналық ұйымдарына оларды жою жөнінде ұсынымдармен келіп түскен шағымдарға тоқсан сайын талдау жолдау;

         1.6. Басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауды қамтамасыз ету, нақты медициналық ұйымдардың ерекшеліктеріне ден қою шараларын бейімдеу және анықталған ауытқуларды жою тиімділігін арттыру мақсатында сапаны бағалаудың сызықтық шкаласын пайдалануды қоса алғанда, мониторинг барысында анықталған ақауларды талдау жүйесінің икемділігін арттыру мүмкіндігін қарастыру;

         1.7. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп қолда бар кредиторлық берешекті ескере отырып медициналық ұйымдарды жақын болашаққа қаржылық сауықтыру жоспарын әзірлеу;

         1.8. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, Ақмола облыстық мәслихаты, Степногорск қаласы мәслихаты және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар депутаттарының қатысуымен Степногорск қаласында денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемалық мәселелер бойынша көшпелі кеңесті дайындауға және өткізуге белсенді қатыссын. Мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін.

  1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына ұсынылсын: (Сахиев С. К.):

         2.1. Өңірдің медициналық ұйымдарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді және Қазақстан Республикасында бекітілген диагностика мен емдеу стандарттары мен хаттамаларын сақтауын бақылауды күшейту;

         2.2. Тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

         2.3. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп, олардың қызметіне талдау жүргізу, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын бағалау үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарға көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру;

         2.4. Медициналық қызмет көрсетудің расталмаған жағдайларына жол бермеу, сондай-ақ мониторинг барысында анықталған ақауларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;

         2.5. Ықтимал ақаулар санының өсуін болдырмау үшін МКАТБЖ (Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі) Пилот - мониторингінің қорытындылары бойынша ведомствоаралық және өңірішілік үйлестіруді күшейту, алынған деректерге жедел талдау жасауды, сондай-ақ түзету іс-шаралары бойынша медициналық ұйымдармен уақтылы кері байланысты қамтамасыз ету;

         2.6. Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы өкілдерінің, облыстық мәслихат, Степногорск қаласы мәслихаты депутаттарының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Степногорск қаласында денсаулық сақтау саласындағы өзекті және проблемалық мәселелер бойынша көшпелі кеңесті ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысу. Мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін.

  1. Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтау басқармасымен және Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп облыстық мәслихат, Степногорск қаласы мәслихаты және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар депутаттарының қатысуымен Степногорск қаласында денсаулық сақтау саласындағы өзекті және проблемалық мәселелер бойынша көшпелі отырыс ұйымдастырсын және өткізсін.

Мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін.

  1. Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін берілсін.
  2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                         С.Сыздықов

 

 

Дата публикации
09 июня 2025