Көкшетау қ. 2025 ж. 14 мамыр
«2024–2025 оқу жылының аяқталуы, облыстағы білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушыларының сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы»
Төрағалық етуші: Сыздықов С.Т. – облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының, облыстық мәслихаттың басқа да тұрақты комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық(қалалық) мәслихаттардың өкілдері (ZOOM).
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ж. Д. Назыкенованың ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары-мүшелері Ақмола облысында ағымдағы оқу жылында облыстың 536 мектебінде 1-ден 11-сыныпқа дейін 139 811 оқушы оқу жылын аяқтайтынын, оның ішінде 9-сыныпты 13 890 оқушы аяқтайтынын атап өтті (2024 жыл – 12477), оның ішінде 1084 (7,8%) үздік аттестатқа;
11 – сыныпты 5924 (2024 жыл-5138) аяқтайды, оның ішінде 347 (5,7%) «Алтын белгі» төсбелгісіне және 402 (6,6%) үздік аттестатқа үміткерлер. Ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды өткізу 29 мамырдан 16 маусымға дейін жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті, сондай-ақ қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бойынша облыста жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2025 жылы 32 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 7,1 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 17 нысанға 4,0 млрд. теңге бөлінді.
Күрделі жөндеулермен 25 мектеп, 2 балабақша, 2 қосымша білім беру ұйымы, 1 - колледж, 1 - «Урюпинка ауылының балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені, 1 - Астана қаласының «Дарын» интернаты қамтылады. Конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігерлік ұйымдар анықталды.
2.1. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезең ішінде облыстың балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлерінің қызметіне бақылауды қамтамасыз ету;
2.2. Жыл бойы балалардың сауықтыру лагерлерінің жүктемесі бойынша талдау жүргізу;
2.3. «Жаппай оқыту» қорының қаражатынан, ең алдымен, ХӘОТ санатындағы балаларды тегін қала сыртындағы демалыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2.4. Мемлекеттік қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтау бойынша жұмысты жалғастыру;
2.5. Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі бірлескен жоспарды іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 15 маусымға дейін балалардың сауықтыру орталықтары мен лагерьлерін пайдалануға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2.6. Есіл ауданының «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығын сенімгерлік басқаруға беру туралы мәселе Есіл білім бөлімімен бірлесіп қаралсын;
2.7. Бюджетті жоспарлау кезінде білім беру мекемелерін жаңғырту аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге талдау жасап, басымдықтар мен кезектілікті дұрыс айқындау қажет.
2.8. Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп Ақкөл ауданының «Юность» және «Рассвет» балалар сауықтыру орталықтарын күрделі жөндеуге мемлекеттік сараптамамен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру;
2.9. Жеке тұлғаны, талантты және балаларды кәсіптік бағдарлауды дамытуға ықпал ететін қолжетімді, алуан түрлі және сапалы қосымша білім беру жүйесін құру шеңберінде Щучинск қаласындағы аула клубының үлгісі бойынша Көкшетау қаласында балалар аула клубын ашу мүмкіндігін қарастыру;
2.10. Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп (келісім бойынша) жазғы каникул кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жазғы кезеңде облыстың балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлеріне учаскелік полицейлерді бекіту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын;
2.11. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-мен бірлесіп жазғы каникул кезеңінде мектеп оқушыларын жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ жазғы каникул кезеңінде уақытша жұмысқа орналастыру арқылы сақталатын интеллектісі бар денсаулық мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді (ДМШ) еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасау мүмкіндігін қарастыру.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С.Сыздықов