Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының №5 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                   2025 жылғы 2 мамыр

«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы өңір экономикасын дамытудағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің рөлі»

 

Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық(қалалық) мәслихаттардың өкілдері.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г. Гамазовтың ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары - мүшелері Ақмола облысында білім беру қызметін 29 колледж жүзеге асыратынын, оның ішінде 22 мемлекеттік, 7 жекеменшік колледж бар екенін атап өтті. Дайындық бағыттары бойынша: 11 агротехникалық, 8 техникалық, 4 көп бейінді (облыс орталығындағы ірі жекеменшік колледждер), 3 педагогикалық, бір медициналық, шығармашылық, спорт колледждері бар. Студенттер контингенті 19153 адам, оның 83% - ы тегін оқумен қамтылған.

2025 жылы Ел Президенті Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Ақмола облысында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және өңір экономикасы үшін білікті кадрлар даярлаудың негізгі факторы ретінде техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Өңірде облыс әкімі бекіткен, алты негізгі бағыт бойынша 58 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар белсенді іске асырылуда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларын дамытуда дуальды оқытуды енгізу, оқу-өндірістік зертханаларды ашу, студенттік бизнес-стартаптарды іске қосу, халықаралық тағылымдамаларды дамыту маңызды рөл атқарады. Мұның бәрі мамандарды даярлау сапасын арттырып білім берудің экономиканың нақты секторымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі құралы экономиканың басым секторларында трансформацияланатын және жаңа кәсіптерге қажеттілікті айқындайтын Ақмола облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы болды. Бұл колледждерге білім беру бағдарламаларын уақтылы бейімдеуге және өзекті бағыттар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Оқушыларды кәсіптік бағдарлауға ерекше көңіл бөлінеді - өңір мектептерінде «One School – One Skill» жобасы, сондай-ақ колледждердің қатысуымен «Кәсіптер автобусы» сапарлары өткізіледі. «Электрондық еңбек биржасы» және «Мансап компасы» платформасы бойынша ауқымды оқыту іске қосылды, бұл жастарға мансаптық мүмкіндіктерді бағдарлауға және жұмысқа орналасу дағдыларын игеруге көмектеседі.

Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру, жұмыс берушілердің жұмысшы кәсіп кадрларын даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г.Гамазовтың ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г.Гамазовтың ақпараты назарға алынсын:
  2. Ақмола облысының білім басқармасына ұсынылсын:

2.1. Еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру жөнінде тиісті шаралар қабылдау;

2.2. Жұмыспен қамту орталықтарымен және жұмыс берушілермен бірлесіп, сұранысқа ие кәсіптерге жыл сайынғы мониторинг жүргізу және талдау негізінде кадрларға нақты сұранысты ескере отырып, студенттерді қабылдау жоспарлары мен оқу бағдарламаларын түзету;

2.3. Жұмыс берушілерді білім беру стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға белсенді тарту, әсіресе аграрлық, техникалық және құрылыс мамандықтары бойынша дуальды оқыту тәжірибесін кеңейту;

2.4. Жергілікті кәсіпорындардың білім беру процесіне қатысуы үшін жағдай жасау және білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасында дуальды оқыту туралы шарттар жасасуды ынталандыру мақсатында облыс кәсіпорындарында колледж студенттерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен және мүдделі мекемелермен дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу;

2.5. Облыс колледждерінде Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжінің «Агро Строй» ЖК-мен (жетекшісі Сергей Швецов, Біржан сал аудандық мәслихат депутаты) табысты әріптестік кейсі мен ынтымақтастық тәжірибесін енгізу мүмкіндігін қарастыру.

2.6. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін нақты еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, кәсіпорындарда өндірістік практикалар мен тағылымдамалар желісін кеңейту, оқу орнын бітіргеннен кейін олардың жұмысқа орналасуын ерекше бақылауға алу;

2.7. Біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде колледж оқытушыларын, оның ішінде жекеше оқытушыларды жүйелі оқыту мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

2.8. ТжКБ жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін сурдоаудармашыларды, тьютерлерді, әлеуметтік қызметкерлерді штат кестесіне енгізу мәселесін зерделеу және қарастыру;

2.9. ТжКБ ұйымдарында материалдық-техникалық базаны нығайту және күрделі жөндеулер жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру (Аршалы ауданының агротехникалық колледжінде, Ерейментау ауданының агротехникалық колледжінде, Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжінде, Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінде күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізу мәселесін, сондай-ақ Қосшы қаласында колледж салу мәселесін ерекше бақылауға алу);

2.10. Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру, колледждерде кәсіптік жәрмеңкелер мен «Ашық есік» күндерін өткізу;

2.11. Жастарды кәсіптік-техникалық білімге тарту мақсатында техникалық және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2025 жылғы 1 шілдеге дейін берілсін.
  2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                С.Сыздықов

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 июня 2025