«Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы                              1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-7 шешіміне өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

         Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

         Әміренова Алтынай Байқадамқызы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

         Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы – Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы;

         Иванова Елена Юрьевна - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы;

көрсетілген құрамнан шығарылсын: Е.М. Рамазанов, А.А. Алин,             Н.С. Ахильбеков;

«Хасенов Ігілік Шарипұлы - Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша);» деген жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«Хасенов Ігілік Шарипұлы - Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы (келісім бойынша);».

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                    Б. Жүсіпов    

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-1 шешімі
Дата публикации
27 мая 2025