«Ақмола облысының бюджеттік комиссиясы туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 4С-14-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы                              1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № А-1/38 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысының бюджеттік комиссиясы туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 4С-14-4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

Ақмола облысының бюджеттік комиссияның құрамына енгізілсін:

Жұмабеков Ержан Сүлейменұлы - Ақмола облысы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы;

«Айтбаев Досұлан Ерланұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы;» деген жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«Айтбаев Досұлан Ерланұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары;».

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                  Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 8С-17-3 шешімі
Дата публикации
27 мая 2025