Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының №3 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                                                 2025 ж.18.03

 

Ақмола облысындағы Қазақстан Республикасының

2023 – 2027 жылдарға арналған

көші-қон саясатының тұжырымдамаларын

іске асыру барысы туралы

 

Төрағалық етуші: С.Сыздықов – облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

 

Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары (тізімге сәйкес).

 

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері депутаттар облыста тұтастай алғанда «Қазақстан Республикасының 2023 - 2027 жылдарға арналған көші – қон саясатының тұжырымдамасын» іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

2024 жылы қандас мәртебесін 1845 адам (894 отбасы) алды. Келгендердің ең көп саны Қытайдан (1078 адам), Моңғолиядан (358 адам), Өзбекстаннан (196 адам), Түрікменстаннан (161 адам), Ресейден (49 адам), сәл аздау Қырғызстан мен Тәжікстаннан.

Жыл қорытындысы бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 535 адам енгізілді,оның ішінде 247 адам-еңбекке қабілетті жастағы. Қандастарды мемлекеттік қолдау шараларына 598,5 млн. теңге бағытталды.

2025 жылғы 1 наурызға қандас мәртебесі 59 адамға (33 отбасы) берілді, оның ішінде Қытайдан - 48 адам, Моңғолиядан - 7 адам, Өзбекстаннан - 3 адам, Ресейден -1.

2025 жылға Ақмола облысы бойынша 285 адамнан тұратын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көзделген. Ағымдағы күнге қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 133 адам (46,6%) енгізілді. 2025 жылға мемлекеттік қолдау шараларына 360 млн. теңге жоспарланған. Сондай-ақ, Ақмола облысында 10 аудан орталығы мен 69 елді мекенді қамтитын экономикалық әлеуетті ескере отырып, қоныс аударуға арналған Елді мекендердің тізбесі айқындалды.

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш. С. Рахматуллинаның ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына (Ш. С. Рахматуллина) ұсынылсын:

         2.1. «Қазақстан Республикасының 2023 - 2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі тиімді және сапалы жұмысты жалғастыру;

         2.2. Осы салада уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің функционалдарын интеграциялау және одан әрі дамыту жолымен «Құтты мекен» көші-қон процестерінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты белсенді жалғастыру (www.enbek.kz);

         2.3. Ақмола облысы бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын орындау жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік қолдау ретінде бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

  1. Тұрақты комиссия қаулысының орындалуы бойынша ақпарат 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін берілсін.
  2. Қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                                     С. Сыздықов

 

 Депутаттық этика, заңдылық,

экология және табиғатты пайдалану

мәселелері бойынша

тұрақты комиссияның төрағасы                                                        П.Безвербный

 

Дата публикации
23 апреля 2025