ПОСТАНОВЛЕНИЕ постоянной комиссии областного маслихата по вопросам экономики и бюджета от 5 марта 2025 года

Ақмола облыстық мәслихаты экономика және бюджет жөніндегі

 тұрақты комиссия отырысының

Қаулысы

 

2025 жылғы 5 наурыз                                                                 Көкшетау қ.

 

 

«Ауыл - Ел бесігі», проблемалық

оны іске асыру кезіндегі мәселелер»

жобасын іске асыру барысы туралы

 

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының қозғалысын шектеу кезеңіндегі облыс жолдарындағы жол полициясы бекеттерінің жұмысы туралы

 

2025 жылғы облыстық бюджеттің

ағымдағы орындалуы туралы

 

Төрағалық етуші – Қойшыбаев М.С. – облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы

 

Қатысушылар: облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының, облыстық мәслихаттың басқа комиссияларының мүшелері, аудандық(қалалық) мәслихаттардың төрағалары, аудандар (қалалар) әкімдерінің орынбасарлары, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері.

 

1-ші сұрақ бойынша

 

         Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. Қ. Шүгірмақованың «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы туралы», тексеру комиссиясының мүшесі М. Ш. Тақамбаевтың «Ауыл - Ел бесігі жобасы шеңберінде бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігі» сараптамалық – талдау іс-шарасының қорытындысы бойынша ақпаратын тыңдап облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

- бюджет қаражатын тиімді игеру мақсатында мердігерлердің «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауды күшейту қажет;

- «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру кезінде Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының осы жоба шеңберінде бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігі бойынша жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары бойынша ұсынымдары ескерілсін.

  1. Білім, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары, аудандар мен қалалардың әкімдіктері ағымдағы жылы қаражат толық көлемде бөлінген жобалардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз етсін.
  2. Аудандар мен қалалардың әкімдері тұрақты негізде жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізсін.

 

2-ші мәселе бойынша

 

Облыстық мәслихат депутаты Р. Ж. Шамкеновтың келесі ақпараты тыңдалды: қысқы кезеңде, ауа райының қолайсыздығына байланысты, Қостанайға, Қарағандыға баратын жолдардағы барлық көлік құралдары үшін қозғалыс шектелген кезде МАИ бекеті жабылады. Сонымен қатар, МАИ бекеттерінің аржағында Аршалы, Целиноград аудандарының (Жібек жолы, Тайтөбе және т.б.) елді мекендері орналасқан, олардың тұрғындары мұндай жағдайда үйлеріне уақтылы жетуге мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.Ақмола облысы бойынша полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:

         - көлікті бұру мүмкіндігі үшін ААП (ақы алу пункті) маңындағы «Екатеринбург-Алматы» автомобиль жолының 1291 шақырымында қолданыстағы жол жүруді кеңейту мәселесін пысықтау;

  1. Аршалы ауданының әкімдігіне:

         - мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жібек жолы кентінен Жалтыркөл кентіне дейін (шамамен 8 км) балама жол салу мүмкіндігін қарастыру;

         - Жалтыркөл кентінде тіркелген және көлік құралы бар тұрғындардың тізімін тиісті базаға қосу үшін дайындау мәселесін пысықтау.

3-ші мәселе бойынша

 

         Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.К. Шүгірмақованың 2025 жылғы 15 ақпандағы Үкімет хаттамасын ескере отырып, бюджет қаражатын оңтайландыру жөніндегі 2025 жылғы облыстық бюджеттің ағымдағы атқарылуы туралы ақпараты тыңдалды. Басқарма негізінен өңірдің әлеуметтік-экономикалық жобаларына бағытталған қаражатты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізді, сондай-ақ бюджет тапшылығы жағдайында негізгі емес шығыстарды азайту жөніндегі шаралар енгізілді.

         Осы мәселе бойынша тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бірыңғай тәсілді ескере отырып, облыс аудандарының тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді блок-модульдерді сатып алу мәселесін қарастырсын.
  2. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына:

         - Шортанды ауданының қазандықтарын күрделі жөндеуге, Ақкөл орталық аудандық ауруханасын күрделі жөндеуге, Есіл ауданының Заречное, Свободное ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру; Қосшы қаласында сумен жабдықтау жөніндегі жобаны аяқтау;

         - заңнамада белгіленген мерзімде енгізілген өзгерістерді ескере отырып, облыстық мәслихат аппаратына материалдар ұсынылсын.

 

         Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Ақмола облыстық мәслихатының

экономика және бюджет мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                         М.Қойшыбаев

 

Дата публикации
07 апреля 2025