Ақмола облыстық мәслихаты экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары отырысының
Қаулысы
2025 жылғы 29 қаңтар Көкшетау қ.
Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және ветеринария
мемлекеттік ұйымдардың мамандарына
коммуналдық қызметтер
және отын сатып алу туралы
төлем бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
Ақмола облысы сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау бойынша департамент
жұмысының қорытындылары мен перспективалары
Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі,
әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларын бекіту
Төрағалық етуші – Қойшыбаев М.С. – облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы
Қатысушылар: облыстық мәслихаттың экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері (тізімге сәйкес), «Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы К. С. Рахметов, Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «Senim» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы С. К. Кәкенов, «Облыстың кәсіподақ орталығы» АКБ еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы, Облыстың денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Б. З. Жупинов, мемлекеттік органдардың басшылары.
1-ші сұрақ бойынша
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы отырысқа қатысушылардың ақпараты мен ұсыныстарын тыңдағаннан кейін Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ауылдық жерлерде мамандарды бекіту мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарын қолдауға қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау (мамандардың нақты тіркелуін, ұйымдардың штат кестесін және т. б. ескере отырып);
- аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп қаржыландырылуы аудандық (қалалық) бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын ауылдық жерлердің мамандарын қолдауға қаражат бөлу мәселесін пысықтау (оның ішінде бірыңғай тәсілді ескере отырып, аудандық бюджет есебінен ұсталатын аталған салалардың мемлекеттік ұйымдары мамандарының саны бойынша есептеулер жүргізу, тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуші органды айқындау; қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама және т. б.);
- жүргізушілердің, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы техникалық қызметкерлердің, кіші медициналық персоналдың жалақысын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру.
2-ші мәселе бойынша
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е. Е. Әубәкіровтың ақпаратын тыңдап, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, «Сапалы өнім» тұжырымдамасы шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда саласындағы жұмысты күшейтсін;
- жыл сайын 15 қаңтар мен 15 шілдеге дейінгі мерзімде Ақмола облыстық мәслихатына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылсын.
3-ші мәселе бойынша
Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылағаннан кейін комиссия мүшелері оларды бекіту туралы шешім қабылдады.
Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Ақмола облыстық мәслихатының
экономика және бюджет мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы М. Қойшыбаев
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы С.Сыздықов