«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облыстық мәслихатының аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.01.2025 - 04.02.2025

Қабылдау 1 этап: 05.02.2025-07.02.2025

Қабылдау 2этап: 11.02.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.02.2025 – 14.02.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

19.02.2025 – 21.02.2025  

Эссе: 26.02.2025 – 28.02.2025

Сұхбат: 06.03.2025

Анықтама телефоны: 87013150858

D-1 санатының (A блогы) үшін орташа лауазымдық жалақы: 593 751

(Лауазымдық жалақы хабарландыруда көрсетілгеннен нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

  Ақмола облыстық мәслихатының басшысы, D-1.

 

Функционалдық міндеттері:

Облыстық мәслихат аппараты қызметінің барлық бағыттарының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру.

Облыстық мәслихат аппаратының ақпараттық-талдау, ұйымдастыру, құқықтық, материалдық - техникалық және облыстық мәслихат жұмысын өзге де қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.

Президенттің, Үкіметтің актілері мен тапсырмаларының, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын, жоғары тұрған органдардың құжаттарының, облыстық мәслихат шешімдерінің, облыстық мәслихат төрағасының өкімдерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау.

Мәслихаттың нормашығармашылық қызметінің сапасын бақылау, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу.

Депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

Депутаттық корпустың, сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасының қатысуымен облыстық мәслихат сессияларын, өзге де іс-шараларды, кездесулерді, кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты бақылау және үйлестіру.

Облыстық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің Әділет органдарында уақтылы тіркелуін бақылауды, облыстық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің тіркелімі мен мониторингін жүргізуді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты бақылауды қамтамасыз ету.

Облыстың мемлекеттік билік органдарымен, облыс әкімінің аппаратымен өзара іс-қимыл жасау.

Аппараттағы штаттық тәртіптің жай-күйін бақылау.

Жергілікті өкілді органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша барлық деңгейдегі сайлау науқандарының ұйымдастырушылық іс-шараларының өткізілуін бақылау.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

Білімі бойынша талап:

         Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық және экономика негіздері, философия, құқықтану, филология, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, ақпараттық жүйелер, мемлекеттік және жергілікті басқару, халықаралық қатынастар, қоғамдық байланыс, ақпараттық қауіпсіздігі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

       

Келесі құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік,  бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат  кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 января 2025