Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы

 

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы

 

24 желтоқсан 2024 жыл Көкшетау қ.

 

 

Облыстың аудан орталықтарында

жүргізуші куәлігін алуға

теориялық емтихан өткізу туралы

 

Қатысқандар: облыстық мәслихат депутаттары Р. Ж. Шамкенов,                  Г. Б. Саханов, К. Р. Рахматулин, А. Е. Мұхамедьяев, А. Б. Төребаев; полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары С. М. Әбутәліпов, полиция подполковнигі Е. Б. Қошқарбаев; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары С. К. Маликов.

 

Төрағалық етуші: М.С. Қойшыбаев – облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

 

         Облыстық мәслихат депутаты Г. Б. Сахановтың Астана және Көкшетау қалаларында жүргізуші куәліктерін алуға теориялық емтихандар өткізуге байланысты Атбасар ауданының тұрғындарынан келіп түскен көптеген шағымдарға қатысты ақпараты тыңдалды, бұл өтініш берушілерде бірқатар қиындықтар туғызады:

         - сапар айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді (жол жүру және тамақтану);

         - қолайсыз ауа-райының ықтималдығы (боран, қардың түсуі);

         - жұмыстан бір немесе бірнеше күн кету қажеттілігі;

         - курсанттардың көптеп келуіне байланысты үлкен кезектер мен басқа да себептер пайда болады.

         Осыған байланысты тұрғындар аудан орталығында теориялық емтихандар өткізу туралы өтініш жасайды.

 

         Отырысқа қатысушылардың ақпараты мен ұсыныстарын тыңдағаннан кейін Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы:

- Атбасар қаласында теориялық емтихан тапсыру туралы мәселені оң шешу мүмкіндігін қарастырсын. Қабылданған шешім туралы ақпаратты облыстық мәслихат аппаратына а.ж. 20 қаңтарына дейін жолдау қажет;

- Астана қаласы мен облыс орталығына дейінгі қашықтықты ескере отырып, жүргізуші куәліктерін алу процесін жеңілдету үшін а.ж. 20 қаңтарына дейін Ақкөл, Жарқайың, Есіл, Бурабай аудандары және Степногорск қаласы бойынша осындай мәселені шешу қарастырылсын;

- тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал дайындау үшін                  а.ж. 10 қаңтарына дейінгі мерзімде облыстық мәслихат аппаратына Көкшетау қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметінің проблемалық мәселелері туралы ақпаратты жеке оқу-техникалық полигонды (қазіргі уақытта ақылы жалдау шарттарында және т. б.) жайластыру мақсатында оларды шешу бойынша ұсыныстармен дайындау және жіберу.

  1. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Ақмола облыстық мәслихатының

экономика және бюджет мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиясының

төрағасы                                                                              М. Қойшыбаев                                   

Дата публикации
08 января 2025