Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкшетау қ. 29.11.2024 ж.
Қатысқандар: Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері, шақырылғандар (тізім қоса беріледі).
Күн тәртібінде:
Бірінші мәселе бойынша:
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.С. Ахильбековтің, Ақмола облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Н.Т. Байғожиннің ақпаратын тыңдап талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутат-мүшелері Ақмола облысында бүгінгі таңда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 МСАК объектілерінің құрылысы қарастырылғанын атап өтті (жалпы халық саны шамамен 43 мың адам болатын облыстың 14 өңірінде) оның ішінде:
- 14 ДА (орташа сметалық құны 343 млн. теңге);
- 21 ФАП (орташа сметалық құны 215 млн. теңге);
- 3 МП (орташа сметалық құны 160 млн.теңге).
Осы мақсаттар үшін 8,0 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылға көшетін 10 жоба бойынша тапшылық 1,4 млрд. теңгені құрайды. Барлық жобалар бойынша мердігерлік ұйымдар анықталды, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. ҚМЖ-н аяқтау келесі кесте бойынша жоспарланған:
Қазан айында Егіндікөл ауданы Бауманское ауылындағы ФАП нысаны аяқталды. Қараша айында пайдалануға беруге жоспарланған 17 жобаның 9-ы 2024 жылдың желтоқсан айына ауыстырылады, бұл объектілерге ИКИ-ны енгізудің болмауына байланысты. Бүгінгі таңда 4 жоба бойынша жұмыстар аяқталды (Зеренді ауданының Айдабул және Малика Ғабдуллин ауылдарындағы ДА, Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылынд. ФАП, Бұланды ауданы Новобратское ауылынд. ФАП).
10 нысанды тапсыру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған (Атбасар ауданы Сергеевка ауылының ФАП, Новобратское а. ФАП, Біржан сал ауданы Андықожа батыр а. ФАП, Целиноград ауданының Жалғызқұдық а. және Оразақ а. ВА, Жаңа Жайнақ а. және Қошқарбаев а. ФАП, Шортанды ауданының Төңкерис а. ФАП, Есіл ауданының Ақсай а. ФАП және Свободное а. ВА).
Сонымен қатар, 10 нысан 2025 жылға ауысады (Астрахань ауданының Старый Колутон а., ДА, Бұланды ауданының Алтынды а. ФАП, Партизанка ФАП, Жарқайың ауданының Пятигорское а. ДА, Жақсы ауданының Киров а. ФАП, Целиноград ауданының Шалқар а. МП, Пригородное а. Жарлыкөл а. ФАП және Жаңаесіл а. ДА, Аршалы ауданының Арнасай а. ДА).
Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында екі аурухананы жаңғырту үшін Үкімет резервінен 823,7 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары Степногорск ауруханасында (реанимация бөлімшесі мен операциялық блокты жөндеу) және Атбасар ауруханасында (бас ғимаратты жөндеу) жалғасуда. Республикалық бюджеттен қаржыландырудың толық болмауына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы 2025 жылы күтілуде.
Тұрақты комиссия мүшелері бүгінгі күні денсаулық сақтау объектілерін уақтылы іске қоспау бойынша тәуекелдер және енгізілетін объектілер үшін қажетті медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша тәуекелдер бар екенін атап өтті, бұл тиісті атқарушы органдардың, атап айтқанда Денсаулық сақтау басқармасының, облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының және аудандар мен қалалар әкімдіктерінің үйлестіруі мен өзара іс-қимылының нашарлығын көрсетеді. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы бірінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде медициналық мекемелерді салу, 2024 жылдың соңына дейін тапсыруға жоспарланған объектілерді уақтылы іске қосу бойынша қажетті шараларды қабылдау және сапалы әрі тиімді жұмысты жалғастыру;
2.2. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылатын объектілер үшін қажетті медициналық жабдықтарды сатып алу және жеткізу бойынша сапалы және уақтылы жұмысты бақылауға алу және ұйымдастыру;
2.3. Атбасар КАА, Степногорск КҚА-да күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі жұмыстардың аяқталуын бақылауға алу;
2.4. Денсаулық сақтау объектілері құрылысының барлық кезеңдерінің уақтылы іске асырылуына (бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес), сондай-ақ әрбір денсаулық сақтау объектісінің сапасына, жалпы жұмыс барысына, сондай-ақ кепілді қызмет көрсетуіне жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
2.5. Салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерін уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тиімді бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тиімді өзара іс-қимыл мақсатында барлық мүдделі тараптарды ведомствоаралық үйлестіруді жолға қою;
2.6. Жобаны іске асыруға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде шаралар қабылдау.
Екінші мәселе бойынша:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Т.А. Тұрмағанбеттің ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутат- мүшелері Ақмола облысында 2024 жылы қаржыландыру көлемі 87,9 млрд. теңгені (ТМККК - 49,1 млрд. теңге, МӘМС-38,8 млрд. теңге.) құрағанын атап өтті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға (6,2 млрд.теңге) артық (2023 жылы - 81,7 млрд. теңге). Бұл қаражат өңір халқына жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін 65 медициналық ұйым арасында бөлінді.
Ағымдағы жылдың 10 айында облыс халқына 13,4 млн. медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде КТ, МРТ сияқты 50 мыңнан астам қымбат қызмет, бұрын тек ұлттық орталықтарда жасалған жүрек, бас мойын тамырларына операциялар сияқты 273 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, 10 ай ішінде көрсетілген медициналық қызметтерді талдау облыс тұрғындарының арасында тар ауқымды мамандардың (кардиолог, эндокринолог, хирург, травматолог-ортопед, онколог) консультациялық-диагностикалық қызметтер үлкен сұранысқа ие екенін көрсетті. Барлығы 500 млн. теңге сомасына 120 мыңнан астам тар ауқымды мамандардың қызметтері ұсынылды.
Бұл ретте, есепті кезеңде МӘМС-ке 26,6 млрд. теңге аударымдар мен жарналар жинақталғанын, ал МӘМС шеңберінде қаржыландыру көлемі 37,3 млрд. теңгеден астам соманы құрағанын ескеру қажет.
Есепті кезеңде медициналық ұйымдарға 66,4 млрд. теңге аванстауды ескере отырып төлем жүргізілді немесе біздің облыс бойынша жылдық көлемнің 78%. Бүгінгі таңда 9 айға толық төлем жасалды және қазан айына қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
Депутаттар проблемалық мәселелердің қатарында: ТМККК шеңберінде және/немесе МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тарифтердің төмендігін, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тарапынан қаржыландырудың кешігуін атап өтті. Сондай-ақ, 20.10.2024 ж. жағдай бойынша медициналық ұйымдар бойынша кредиторлық берешектің ұлғайғаны, оның ішінде жеке меншік бойынша 7,9 млрд. теңгені құрағаны атап өтілді. 64 медициналық ұйымның 42-сі кредиторлық берешек туралы мәлімдеді, олардың 31-інде ағымдағы берешек бар.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы басшысының ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы екінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Сақтандырылмаған азаматтардың МӘМС жүйесіне тартылуын арттыру мақсатында Ақмола облысы бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халықпен кездесулер өткізу;
2.2. Өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту;
2.3. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында тұрақты негізде медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау басқармасына көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша мониторинг қорытындыларын ұсыну;
2.4. Халықтың медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына шағымдарын азайту мақсатында өңірдің медициналық ұйымдарына ай сайынғы негізде шағымдардың талдауын, оның ішінде ең көп шағымдары бар ТОП-5 өнім берушінің саралауын ұсыну.
3.Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына (Н. С. Ахильбековке):
3.1. Өңірдің медициналық ұйымдарының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді және ҚР-да бекітілген емдеу диагностикасы стандарттары мен хаттамаларын сақтауын бақылауды күшейту;
3.2. Медициналық ұйымдардың қолда бар кредиторлық берешегін ескере отырып жақын болашаққа арналған медициналық ұйымдардың қаржылық сауықтыру жоспарларын бірлесіп әзірлеу;
3.3. Ағымдағы жылдың соңына дейін медициналық ұйымдарға жалақы төлеуді ерекше бақылауға алу және аяқтау;
3.4. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалымен бірлесіп, ұйымның қызметін, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын талдау мақсатында мемлекеттік медициналық ұйымдарға баруды жүргізу;
3.5. Медициналық ұйымдардың медициналық техникамен және бұйымдармен жабдықталу деңгейін арттыру;
3.6. Тұрақты негізде медициналық ұйымдарға шыға отырып, пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру.
Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2025 жылғы 1 ақпанға дейін берілсін.
Осы қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссия төрағасы С. Сыздықов