Аграрлық мәселелер және өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы 8 қараша 2024 жыл

Аграрлық мәселелер және өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы

 

Көкшетау қ.                                                                          8 қараша  2024 жыл

 

Ақмола облысында 2024 жылғы

егін жинау науқанының қорытындысы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері

 

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы К. Ғ. Әлімжановтың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының қаржы институттары өкілдерінің ақпаратын тыңдап, істің жағдайын зерделеп, тұрақты комиссия мүшелері Ақмола облысында өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау саласында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Биыл 4,7 млн. га алқаптан өнім жиналды, оның көлемі 6,6 млн. тонна астықты құрады (2023 ж., бастапқы салмағы 7,3 ц/га, 3,4 млн. тонна бастырылды). Орташа өнімділік 14,1 ц/га құрайды.

Майлы дақылдар бүгінде 221,0 мың га алқапта немесе егіс алаңының 82,3% -нда жиналды, жалпы алым 231,0 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 10,5 ц/га.

Ағымдағы жылы егінді сақтау үшін сақтау сыйымдылығы 7 млн.тоннадан астам (элеватор – 4,3 млн. тонна, астық қоймасы – 2,9 млн. тонна) 66 элеватор мен астық қоймалары жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда элеваторларда шамамен 3 млн. тонна астық бар (жүктемесі 70%), оның 60,4%-ы 3-сыныпқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, алынған егіннің үлкен көлеміне байланысты астықты астық жеңдерінде сақтау әдісі облыста кеңінен таралды.

Оның басты артықшылығы астық қоймасын салуға күрделі шығындардың болмауы болып табылады. Бұл сақтау әдісі Бұланды ауданының «Журавлевка-1» ЖШС, Зеренді ауданының «Дихан Плюс» ЖШС, Целиноград ауданының «Ақмола Феникс» ЖШС, Сандықтау ауданының «Максимовское» ЖШС және басқаларында сәтті қолданылады.  Жалпы облыс бойынша 500 мың тонна астықты сақтау үшін 2,5 мыңнан астам астық жеңдері (қаптар) пайдаланылды.

Отырыс барысында проблемалық мәселелер айқындалды, оларды шешу үшін депутаттар шешудің сындарлы жолдарын, іс-қимылдардың одан әрі алгоритмдерін және т. б. ұсынды.

Мемлекеттік органдардың ақпаратын, сондай-ақ депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық және аумақтық ведомстволар, сондай-ақ қаржы институттары басшыларының ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсынылсын:

 

 

 

- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астықты сатудағы проблемалар туралы көптеген өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жіберілсін: 

1) Аграрлық кредиттік корпорация жүйесі бойынша барлық берешектерді келесі жылдың 1-мамырына дейін айыппұлсыз және өсімпұлсыз ауыстыру туралы. Хаттың көшірмесі Ақмола облыстық мәслихатына ұсынылсын,

2) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден астықты сатып алуының өткір қажеттілігі туралы;

- «AMANAT» АОФ-мен бірлесіп жобаны әзірлеп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдасын;

- аудандар бөлінісінде ірі, орта және ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша ақпарат беру (бар берешектер, барлық астық саны, өткізілмеген астық саны, сатып өткізу жоспарлары);

- егістіктерді агрохимиялық зерттеу бойынша ақпарат беру. 

- егінді сақтауды ұйымдастыру бойынша ірі шаруашылықтарға көмек көрсету мәселесін пысықтау. Жүргізілген жұмыс туралы ақпарат облыстық мәслихатқа берілсін.

  1. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Ақмола филиалына ұсынылсын:

- аудандар бөлінісінде элеваторлардың жүктемесі бойынша ақпарат беру;

- бағаның құлдырауын болдырмау үшін өткен жылдарға ұқсас ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден астық сатып алу мәселесін пысықтау;

Қабылданған шаралар туралы ақпарат 2024 жылғы 19 қарашадан кешіктірілмей берілсін.

  1. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аграрлық мәселелер және

индустриялық-инновациялық

даму жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы                                                                А.Ошақбаев

 

Дата публикации
19 ноября 2024