Көкшетау қ. 29.10.2024 ж.
Ақмола облысының
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтарының арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету сапасы
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш. С. Рахматуллина, Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К. Н. Исмағамбетова, «Макинск қаласы, Бұланды ауданы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры Н. Н. Ларионованың ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін, депутаттар – облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері облыста жалпы халыққа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша облыста 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда 1373 төсек-орын қарастырылған:
- 5 орталықта жалғызілікті қарттар мен мүгедектер тұрады, сыйымдылығы 461 төсек-орын (Целиноград ауданының Аққайың ауылы, Біржан сал ауданы Макинка ауылы, Шортанды ауданы Дамса ауылы, Щучинск қаласы Бурабай ауданы, Макинск қаласы Бұланды ауданы);
- 4 орталықта 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер тұрады, сыйымдылығы 860 төсек-орын (Бұланды ауданы Купчановка ауылы, Шортанды ауданы Жолымбет ауылы, Астрахан ауданы Первомайка ауылы, Степногорск қ. Шаңтөбе ауылы);
- Көкшетау қаласындағы 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (бұдан әрі - Көкшетау қ.орталық) – үш жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған, 65 төсек-орындық.
Іс жүзінде 1344 адам тұрады, жоспар бойынша – 1373, оның ішінде Көкшетау қаласының орталығында 50 бала тұрады, оның ішінде 16-сы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 3-і жетім балалар.
Қаржыландырудың жалпы сомасы 6 млрд. 927 млн. теңге.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген стационар жағдайында арнаулы қызметтер көрсетудің Әлеуметтік Кодексі мен стандартына сәйкес 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі (қарттарға арналған 7 қызмет, педагогикалық қызметтер көрсетілмейді).
Барлық орталықтарда физиокабинеттер, емдік дене шынықтыру залдары, психологиялық жеңілдетуге арналған сенсорлық бөлмелер, еңбек терапиясы кабинеттері, тұрмыстық бағдарлау бөлмелері, кітапханалар бар, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларға тиісті қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, лицензиялауға дайындық және жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ Ақмола облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының ағымдағы қызметі бойынша бірқатар проблемалық мәселелер бар.
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның, Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К. Н.Исмағамбетованың, «Макинск қаласы, Бұланды ауданы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры Н.Н.Ларионованың ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын бақылау және жұмысын жалғастыру;
2.2. Лицензиялау және жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметін цифрландыруға байланысты талдау жүргізу, барлық АӘҚКО бойынша есептеулер дайындау және орталықтарда қызметтер көрсететін мамандар үшін компьютерлерді қосымша сатып алу үшін облыстық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік өтінім енгізу;
2.3. Бұланды ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Бұланды ауданы, Купчановка ауылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не тиесілі Купчановка ауылындағы пәтерлерді коммуналдық меншікке беру мәселесін қарастыру;
2.4. Бұланды ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Бұланды ауданы, Купчановка ауылында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де жұмыс істейтін қызметкерлерді тасымалдауды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру;
2.5. Соңғы 2 жылда «Көкшетау қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жартылай стационарда қызмет алу және балалардың болу сапасына талдау және мониторинг жүргізу, олардың орталықтарда болу уақытын одан әрі қайта қарау және түзету мүмкіндігі бар.
2.6. Облыстың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында материалдық-техникалық базаны жаңарту мүмкіндігін қарастыру (Щучинск қ. АӘҚКО – тұрмыстық кір жуғыш машина, Біржан сал ауданының «Мейрім» АӘҚКО – монша сатып алу немесе салу және т. б.). 2025 жылға, оның ішінде «Көкшетау қ. АӘҚКО» КММ ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне жөндеу жүргізуге немесе ауыстыруға тиісті бюджеттік өтінімдер дайындау және бюджет заңнамасына сәйкес барлық қажетті рәсімдерді жүргізу.
3.1. Көрсетілетін қызметті алушылардың денсаулығының жай-күйін, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтенуін, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұнын және көрсетілетін қызметті алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген жеке жоспарын ескере отырып, оларды оңалту жөніндегі іс-шараларды жалғастыру.
3.2. Үй жағдайында сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жұмысты және бақылауды жалғастыру, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін бөлінетін бюджет қаражатын сапалы игеру бойынша жұмыс жүргізу;
3.3. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп Купчановка ауылындағы «Бұланды ауданы, Купчановка ауылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не тиесілі пәтерлерді коммуналдық меншікке беру мәселесін пысықтау;
3.4. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, «Бұланды ауданы, Купчановка ауылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де жұмыс істейтін қызметкерлерді тасымалдауды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру.
4.1. Қызмет алушыларға Арнаулы қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша сапалы жұмысты жалғастыру;
4.2. Орталықтардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және жақсарту бойынша тиісті бюджеттік өтінімдерді дайындау және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарауына жіберу;
4.3. «Социум» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толтыру бойынша сапалы жұмыс жүргізу.
Тұрақты комиссия қаулысының орындалуы бойынша ақпарат 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілсін.
Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі
тұрақты комиссия төрағасы С. Сыздықов