Ақмола облыстық мәслихатының
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының
ҚАУЛЫСЫ
- қыркүйек 2024 жыл Көкшетау қ.
Облыстық бюджетті нақтылау туралы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. К. Шүгірмақова мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024 жылғы облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ақпарат назарға алынсын.
- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Денсаулық сақтау, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары 2025 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Ерейментау ауданы Торғай ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
- Зеренді ауданы Зеренді ауылының «Балалар музыка мектебі» МКҚК және «Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК орналастыру үшін:
- Зеренді ауданының әкімдігі ғимаратты 2024 жылдың соңына дейін жалға алу мүмкіндігін қарастырсын (өтеусіз жалдау бойынша меморандум жасасу және т. б.);
- облыстық білім басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2025 жылға әкімшілік ғимаратты сатып алуға (сатып алуға) қаражат көздесін.
- Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп Зеренді ауданы Елікті және Дороговка ауылдары үшін блоктық-модульдік кешендерді сатып алу мәселесін қарасын.
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы:
- Қосшы қаласының әкімдігімен бірлесіп Қосшы қаласында қоғамдық көліктің болмауы мәселесін шешуді ерекше бақылауға алсын;
- Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп Қажымұқан, Ы. Алтынсарин, Мортык ауылдарының кентішілік жолдарын күрделі жөндеуге қаражат бөлу мәселесін қарастырсын.
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Ақмола облысында жетім балаларға жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу мәселесін пысықтасын.
- Мемлекеттік органдар қаулы тармақтарын іске асыру жөніндегі ақпаратты облыстық мәслихат аппаратына ағымдағы жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде берсін.
- Осы қаулының іске асырылуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Ақмола облыстық мәслихатының
экономика және бюджет мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М. Қойшыбаев