Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

г

Көкшетау қ.                                                                                         06.09.2024 ж.

                                                                                                            сағ. 14.30

 

Мемлекеттік тапсырысты

жан басына шаққандағы нормативтік

қаржыландыруды іске асыру сапасы:

мәселелері мен перспективалары

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Б. Төлендиннің ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутат-мүшелері Ақмола облысында жалпы спорт саласындағы мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының деректері бойынша 2024 жылға балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлемі   1,9 млрд.теңгеден асады.

Бүгінгі күні damubala.kz платформасында 151 мемлекеттік спорттық тапсырыс берушілер тіркелген, олардың 91-і қызмет көрсетеді. Ваучерлер damubala.kz платформасында кезек тәртібімен автоматты түрде беріледі.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің (2021 жылғы 27 сәуірдегі №119) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде спорттың 64 түрі (оның ішінде ерекше физикалық қажеттіліктері бар спортшылар үшін) көзделген.  Ақмола облысында спорт түрлерінің 64 атауының ішінен келесі 20 спорт түрі бойынша өтінімдер мақұлданды (еркін және грек-рим күресі, бокс, дзюдо, каратэ, қазақ күресі, ОСТ: шахмат, ТҚА: шахмат, футбол, мини-футбол, шаңғы жарысы, үстел теннисі, спорттық би, таеквандо, жүзу, волейбол, баскетбол, көркем гимнастика, адаптивті каратэ, теннис).

2024 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 586 баланы қамтитын 10 714 ваучер іске қосылды. 1,08 млрд. теңге игерілді.

Мемлекеттік спорттық тапсырыс облыстың мынадай өңірлерінде белсенді дамуда: Бурабай, Зеренді, Шортанды, Атбасар, Целиноград, Бұланды, Астрахан, Аршалы, Қорғалжын, Егіндікөл, Ерейментау, Ақкөл, Есіл, Сандықтау аудандары мен Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалары.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы бірінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А. Б. Төлендиннің ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына (А. Б. Төлендинге) ұсынылсын:

2.1. Ақпараттық платформалар арқылы мемлекеттік спорттық тапсырысты өткізу сапасына және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту (Көкшетау қаласының білім бөлімінің үлгісі бойынша);

2.2. Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде спорт секцияларындағы балалардың қатысуын ерекше бақылауға алу;

2.3. Облыстың аудандары мен қалаларында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде жүйелі жұмысты жандандыру;

2.4. Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде қызмет алатын балалар контингентіне талдау жүргізу (облыс, қала, ауыл, спорт түрлері, ХӘОТ санатындағы отбасылардан шыққан балалар және т. б.)

2.5. Оқу ұйымдарының директорларымен, балалардың ата-аналарымен damubala.kz платформасында тегін негізде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына қызметтер (ваучерлер) алу мүмкіндігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру

Тұрақты комиссия қаулысының орындалуы бойынша ақпарат 2024 жылғы 1 қарашаға дейін берілсін.

  1. Қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасы                                             С. Сыздықов

Дата публикации
11 сентября 2024