Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы

 

28 тамыз 2024 жыл                  Көкшетау қ.

 

 

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын

және елді мекендердің көше-жол желісін салу,

жөндеу барысы туралы.

Облыстағы жолаушылар

тасымалының жағдайы туралы

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А. В. Рублевскийдің ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының депутат-мүшелері Ақмола облысында жалпы қарастырылып отырған салада жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге 2024 жылы 23 жобаны іске асыру жоспарланған, шамамен 100 км жөндеуге 20,4 млрд.теңге көзделген. Аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне 116 жобаны іске асыруға 46,7 млрд. теңге бөлінді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде бақылауды жүзеге асыратын Жол активтері сапасының ұлттық орталығының қызметтеріне 215 млн.теңге қарастырылған.

Бүгінгі күні Аршалы, Бурабай және Целиноград аудандарының әкімдіктері ЖАСҰО қызметтерін қаржыландырумен толық көлемде қамтамасыз етілмеген, осыған байланысты аталған аудандарда іске асырылып жатқан жобалардың бір бөлігі сапаны бақылау жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бақылаусыз қалып отыр.

Бұдан басқа, өткен жылы анықталған 149 ескерту жойылған жоқ (ең көп саны Атбасар, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында). Сондай - ақ, ағымдағы жылдың нысандарында анықталған ақаулар бар – 38 ескерту.

Проблемалық мәселелердің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден жолдарды салу және жөндеу жөніндегі жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру болып қала береді.        Осыған байланысты, басқарма жаңа жобаларды әзірлеуді тоқтатуды ұсынды, өйткені бұл жобалар жақын арада іске асырылмайды, бұл оларды түзету кезінде бюджет қаражатының жұмсалуына әкелуі мүмкін.

Облыс бойынша барлығы 30 тасымалдаушымен тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығына шарттар жасалды.

Пандемияға байланысты шектеулерден кейін 130 тұрақты қалааралық маршруттардың 17-сі қайта жанданды. Жолаушылар көлігі саласы айтарлықтай зардап шекті және оны қалпына келтіру үшін бір жылдан астам уақыт, сондай-ақ мемлекеттен қаржылық қолдау қажет болады.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 2 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ.) және 3 жолаушыларға қызмет көрсету пункті (Степногорск қ., Есіл қ., Степняк қ.) жұмыс істейді. Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау 106 тұрақты маршруттарда жүзеге асырылады, оның 89-ы әлеуметтік маңызы бар және субсидиялауға жатады. №12-Щучинск қ. және №1 - Егіндікөл ауылының тағы 2 қалалық маршруттарын облыстың әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалалық автобус маршруттарында қоғамдық көлікте жол жүру құны 60 - тан 110 теңгеге дейін; тұрақты облысаралық 1 жол/км үшін 9,4-тен 16 теңгеге дейін, ауданаралық (қалааралық облысішілік) автобус маршруттарында 1 жол/км үшін 9 теңге-әлеуметтік.

Соңғы 3 жылда жергілікті бюджеттен қоғамдық көлікке салынған инвестициялар көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға 1,9 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда.

Қоғамдық көлік үшін жылжымалы құрамды одан әрі жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс тасымалдаушылары басқарма мен әкімдіктердің қолдауымен қалалық бағыттарға 24 бірлік жаңа автобус және қалааралық бағыттарға 2 бірлік (Степногорск қаласы үшін 13 бірлік, Көкшетау қаласы үшін 7 бірлік, Щучинск қаласы үшін 4 бірлік және қалааралық тасымалдау үшін 2 бірлік) сатып алды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының тасымалдаушысы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на тағы 10 бірлік қалалық автобус сатып алуға өтінім берді. Жыл қорытындысы бойынша барлығы 36 бірлік автобус сатып алу жоспарлануда.

Статистикалық деректерге сәйкес жолаушылар көлігі жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады, 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 17,4 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға артық, жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 767,6 млн.п-км немесе 103,7% -ды құрады.

Басқарма жолаушылар тасымалы саласында тариф белгілеу бойынша икемді саясат жүргізеді.

Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздік өзекті мәселе болып қала береді. Таксиді тіркеу және бақылау тәртібін жеңілдету таксиді заңсыз тасымалдаудың таралуына әкелді. Соңғы жылдары осы санаттағы жүргізушілердің қатысуымен көптеген резонанстық апаттар орын алды.

Бұл мәселеде басқарма өз құзыреті шеңберінде жолаушылар көлігі бөлімі мамандарының рейдтік іс-шараларға қатысуы, түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Көкшетау, Степногорск және Қосшы аудандары мен қалаларының әкімдіктері жолаушылар тасымалын және көлік құралдарын техникалық тексеруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Теміржол тасымалына ерекше назар аударылады.

Облыс бойынша барлығы 2024-2027 жылдар аралығында 9 темір жол вокзалына (Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинка, жалтыр, Есіл, Ерейментау, Аршалы қалаларында) жөндеу жүргізу жоспарлануда.

         Сөз сөйлеушілердің баяндамаларын тыңдап, депутаттық корпус көтеретін проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылған жолдарын талқылағаннан кейін Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А. В. Рублевскийдің ақпараты назарға алынсын.
  2. Аудандар, қалалар әкімдіктері ақауларды жою мәселесін ұлттық сапа орталығымен тығыз пысықтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу технологиясын қатаң сақтауы қажет.
  3. Аршалы, Бурабай және Целиноград аудандарының әкімдіктері іске асырылып жатқан жобаларды бақылауды қамтамасыз ету үшін жол активтері сапасының ұлттық орталығының қызметтерін толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  4. Атбасар, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Целиноград аудандарының және Көкшетау қаласының әкімдіктері 2023 жылы анықталған ескертулерді жою жөнінде шаралар қабылдасын.
  5. Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданының әкімдіктері «Жайлы мектептерге» кірме жолдардың құрылысын уақтылы қамтамасыз етсін.
  6. Көкшетау және Қосшы қалаларының, Аршалы, Бурабай, Целиноград және Шортанды аудандарының әкімдіктері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде 2025 жылы тапсыруға жоспарланған «Жайлы мектептерге» кірме жолдардың құрылысына сараптаманың оң қорытындысымен ЖСҚ әзірлеуді қамтамасыз етсін.
  7. Аудандар мен қалалар әкімдіктері заңда көзделген субсидиялау тетіктерін жол жүру құнының өсуін тежеу үшін ғана емес, сонымен қатар ескірген жылжымалы құрамды жаңарту мәселелерін шешу, IT шешімдерді енгізу, автобустардың желіге шығуын және қозғалыс аралығын бақылау үшін қолдансын. Отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолда бар лизингтік қаржыландыру бағдарламаларын белсенді ілгерілету.
  8. Темір жол вокзалдары бар аудандардың әкімдіктері республикалық бюджет есебінен жобаларды одан әрі, кезең-кезеңмен іске асыру үшін инвесторлардың қаражаты есебінен оларды күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу мүмкіндігін қарастырсын.
  9. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы:

         - ағымдағы жылдың 12 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Кенесары ауылынан Красный Яр ауылындағы айрыққа дейінгі автомобиль жолын жөндеу бойынша толық ақпарат ұсынсын;

         - 2024 жылғы 1 желтоқсанға қарай облыстық мәслихат аппаратына осы қаулының 2-8 тармағын іске асыру бойынша жиынтық ақпарат берсін.

  1. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:

         - су тасқыны кезінде қираған жол төсемін қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

         - Астана-Молодежное автомобиль жолының учаскесінде жұмыстарды уақтылы жүргізу жөнінде шаралар қабылдасын;

         - Жақсы-Чистополье автомобиль жолының учаскесін жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтасын;

         – Көкшетау-Рузаевка автомобиль жолының учаскесіндегі жұмыстарды уақтылы аяқтау мәселесін бақылауға алсын;

         - Бұланды ауданындағы Жолболды өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту мәселесін қарастырсын (қазіргі уақытта көпірге үлкен көліктік жүктеме түсуде);

         - Макинск-Жалтыр автожолындағы тар учаскелер мәселесін шешу мүмкіндігін қарастырсын.

         - Ж. Тәшенов көшесінен (Хасенов базарынан) Қазақ педагогикалық колледжіне дейін шұңқырлы жөндеу жүргізу жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін қарастыру. Көкшетау қ. Ж. Мусина;

         - Ж. Тәшенов көшесінен Н. Назарбаев даңғылына (Ш. Құсайынов көшесі) дейінгі автомобиль жолының учаскесіне күрделі жөндеу жүргізу мүмкіндігін қарастырсын;

         - қоғамдық көлікте, әсіресе күзгі қысқы кезеңде жылжымалы пандустардың дұрыс жұмыс істеуі жөніндегі мәселені бақылауға алу (желіге шығу кезінде механикке пандустардың жарамдылығын тексеруді міндеттеу);

         - Ғабдулин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында (1г үйдің жанында) жаяу жүргіншілер өткелін орнату мәселесін қарастырсын;

         - Көкшетау қаласының тұрғындарының көптеген шағымдарына байланысты Абылай хан даңғылындағы аялдама маңында (бұрынғы Көкшетау аспап жасау зауытына қарама-қарсы) жаңбырлы ауа-райында пайда болған балшық пен шалшықтарды жою мәселесін бақылауға алсын;

         – Көкшетау-Қостанай тас жолынан (51-ші км, Ақан – Баратай-Уголки) автомобиль жолының учаскесін жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау.

         Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы а.ж. 25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде облыстық мәслихат аппаратына 10-тармақты іске асыру жөнінде толық ақпарат берсін.

  1. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Ақмола облыстық мәслихатының

экономика және бюджет мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиясының

төрағасы                                                                              М. Қойшыбаев                                  

 

 

Дата публикации
05 сентября 2024