Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның және депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен қаулысы 17 мамыр 2024 жыл

Ақмола облысындағы аңшылық

шаруашылығының жай-күйі мен

даму перспективалары туралы.

Биотехникалық іс-шараларды ұйымдастыру

 

Іс жағдайды зерделеп және Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Б. Д. Токишевтің, ҚР АШМ Ақмола аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е. Т. Сағынаевтың ақпаратын тыңдап, тұрақты комиссиялардың мүшелері Ақмола облысында аңшылық шаруашылықтарын дамыту саласында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда біздің облыс аумағында 161 аңшылық алқап орналасқан, оның 139-ы табиғат пайдаланушыларға бекітілген, жалпы ауданы 12,8 млн. га, 22 шаруашылық резервтік қорда, олардың ауданы 1,8 млн. га құрайды.

Бүгінгі таңда облыс аумағында тек екі табиғат пайдаланушы шетелдік туристік аң аулаумен айналысады, олар «Rivc LTD -Sandуktau» ЖШС Сандықтау ауданында тұяқтыларды (елік, бұлан) аулайтын және Ақмола облысының Астрахан ауданында қаз аулайтын «Мерген 2030» ЖШС. Осыған байланысты біздің тарапымыздан аңшылық шаруашылықтарын дамытудағы ең перспективалы бағыт шетелдік аңшыларды тарта отырып, аңшылықты дамыту болып табылады, тиісінше туризм саласы да қатар дамитын болады.

Сонымен қатар, шетелдік аңшыларды тарту кезінде бюджетке түсетін түсімдер он есе артады, өйткені салық кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін шетелдік туристік аң аулауға пайдалануға рұқсат алу кезінде төлемақы мөлшерлемелері он есе мөлшерде төленеді.

Жануарлар дүниесі объектілерінің оңтайлы санын және тұрақты пайдаланылуын арттыру және қолдау үшін аңшылық шаруашылығы субъектілері бірқатар биотехникалық іс-шаралар жүргізеді, биотехникалық құрылыстар (қоректендіргіштер, азықтандыру алаңдары, сортаңдар және т.б.) орнатылады.

Табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында Ақмола облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 134 рейдтік іс-шара өткізілді, 10 ескерту түріндегі 11 әкімшілік материал және 18 460 теңге сомасына 1 айыппұл жасалды, оның ішінде:

- Аңшылық ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 10;

-ЕҚТА режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 380-1 бабы бойынша 1.

Жалпы шығын 22 152 теңгені құрады.

Инспекция 1 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. (Шортанды ауданы, 1 елікке заңсыз аң аулау).

Ағымдағы жылдың басынан бастап 6 қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК 337-бабы бойынша 4, ҚР ҚК 339-бабы бойынша 2, келтірілген залалдың жалпы сомасы 5 538 000 теңгені құрайды, 1 384 500 теңге өтелді.

         Отырыс барысында барлық қаралған мәселелер бойынша проблемалар айқындалды, оларды шешу үшін депутаттар тиісті заңнамалық базаға өзгерістер енгізуді, іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеуді және т. б. ұсынды.

Мемлекеттік органдардың ақпаратын, сондай-ақ депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық және аумақтық ведомстволар басшыларының ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасына ұсынылсын:

- Ақмола облысының ауыл шаруашылығына киік популяциясы санының күрт өсуіне байланысты келтірілген залал жайлы проблемалық мәселелерді баяндай отырып, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жобасын әзірлеу.

- Ақмола облысында шетелдік туристік аңшылықты дамыту жөнінде ұсыныстар беру.

  1. Қабылданған шаралар туралы ақпарат 2024 жылғы 10 маусымға дейін берілсін.
  2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аграрлық мәселелер және

индустриялық-инновациялық даму

жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы                              С. Сыздыков

 

 

Депутаттық этика, заңдылық,

экология және табиғатты пайдалану

мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                              П. Безвербный

Дата публикации
21 августа 2024