Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы 15 сәуір 2024 жыл

Ветеринария мәселелеріне қатысты

заңнамалық базаны жетілдіру туралы:

малдың (ІҚМ, жылқы) қозғалысын бақылау;

ветеринариялық есепке алудың қиындығы;

ветеринариялық дәрігердің функционалын кеңейту,

ветеринариялық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту

 

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Т. Т. Жүнісовтың және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы С. Р. Әкімбетовтың есептерін тыңдап, істің жағдайын зерделеп, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Ақмола облысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,  жануарларды сәйкестендіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігіне қол жеткізу бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Отырыс барысында проблемалық мәселелер айқындалды, оларды шешу үшін мынадай бағыттар бойынша ветеринария саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру қажет: ветеринария басқармасы бірнеше рет бейінді министрлікке ұсыныстар жолдаған, алайда шаралар қабылданбады.

- ветеринариялық есепке алудың қиындығы (ауыл шаруашылығы жануарларының иелері мал төлдеген кезде, жеке пайдалану үшін сою кезінде және тұрғылықты жерін ауыстырған кезде ветеринариялық қызметке жүгінбейді. Сондықтан жануарлардың нақты саны ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында көрсетілгенге сәйкес келмейді);

- ветеринариялық дәрігердің функционалын кеңейту (ветеринариялық іс-шараларды (ұйымдасқан шаруашылықтарда, халықта) жүргізу кезінде ветеринариялық қызметкерлер үшін республика бойынша жүктемелердің бірыңғай коэффициенттерін бекіту қажет;

- ветеринариялық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту (қолда бар техника мен технологиялық жабдықтар жиынтығы 2013-2014 жылдары сатып алынған, олардың тозу дәрежесі 100% құрайды. Жыл сайынғы ветеринариялық іс-шараларды сапалы өткізу үшін автокөліктерді, ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштарды, компьютерлерді, планшеттерді сатып алу қажет. Жабдықтарды сатып алу үшін ветеринариялық станцияларда өз қаражаты жоқ. Қажеттілік 3,6 млрд.теңгені құрайды).

Мемлекеттік органдардың ақпаратын, сондай-ақ депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық ветеринария басқармасы және аумақтық инспекциясы басшыларының ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының ветеринария басқармасына ұсынылсын:

- проблемалық мәселелерді баяндай отырып, ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жобасын әзірлеу;

- мамандарды тарту бойынша ұсыныстар беру;

- халықты ақпараттандыру бойынша медиа-жоспардың жобасын әзірлеу;

- су тасқынынан кейін қабылданған шаралар туралы ақпарат беру.

- облыстың аудандары мен қалаларының мәслихаттарымен өзара іс-қимылды жолға қою.

  1. Қабылданған шаралар туралы ақпарат 2024 жылғы 30 сәуірге дейін берілсін.
  2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Аграрлық мәселелер және

индустриялық-инновациялық даму

жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы                            С. Сыздыков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 августа 2024