Ақмола облыстық мәслихатының
әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Көкшетау қ. 03.04.2024 ж.
Қатысқандар: Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, шақырылғандар (тізім қоса беріледі).
Күн тәртібінде:
1) мәслихат сессиясының 6 балабақша бойынша жұмыс барысының мониторингі жөніндегі жұмыс тобын құру, Ақмола облысының балаларын қосымша білім берумен қамтуды ұлғайту үшін қолайлы орта құру жөніндегі кешенді жоспарды және балаларды сауықтыру ұйымдарын сапалы даярлау, ағымдағы және күрделі жөндеулерді уақытылы қаржыландыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу, жылдың кемшіліктерін ескере отырып, жазғы сауықтыру маусымына дайындық туралы 13.12.2023 ж. №8С-7-5 шешімінің 2-тармағын орындау бойынша;
2) «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының орындалуы бойынша.
Бірінші мәселе бойынша:
Ақмола облысы білім басқармасының ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары - мүшелері Ақмола облысында балабақшалар салу, жазғы маусымға балалар сауықтыру орталықтарын дайындау, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша проблемалық мәселелер бар екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда бюджет қаражаты есебінен 6 балабақшаның құрылысы жалғасуда (Қосшы қаласында 2020 жылы басталған 280 орындық, Целиноград ауданы Қараөткел ауылында 280 орындық, 2020 жылы басталған, 280 орындық Нұрлыкош ауылы, Красный Яр ауылы 2021 жылы басталып, 166 орынға жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі жандарға, 2021 жылы басталды, сөйлеу кемістігі бар балаларға 280 орынға, 2021 жылы басталды, Целиноград ауданы, Төңкеріс ауылында 140 орынға 2018 жылы).
Нысандарды пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған болатын. Сонымен қатар, түзетулерге байланысты балабақшалардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2024 жылға шегерілді. 6 балабақшаның 3-і жобалық-сметалық құжаттамаға өзгертулер енгізу жүргізілуде (Қосшы, Қараөткел ауылындағы балабақша және Көкшетау қаласындағы жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға арналған балабақша).
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша құрылысының жобасына сәйкес жобаға түзетулер енгізу жоспарлануда, бұл жұмыстарды аяқтау мерзімін ұзартуға және нысанды пайдалануға беруді бұзуға әкеп соғады.
Білім бөлімдері аудандық мәслихат депутаттарын, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, балабақша құрылысының барысын бақылау үшін мониторингтік топтар құрды. Түзетулер енгізіліп, құрылыс жұмыстары жалғасқаннан кейін балабақша құрылысы жобаларының барысы тұрақты бақылауда болады.
Қосымша білім беру мәселесі бойынша облыста 28 мыңға жуық бала қамтылған мемлекеттік білім беру, шығармашылық, спорттық тапсырыстар іске асырылатыны атап өтілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қосымша біліммен 113823 бала қамтылды, бұл 81,9% - құрады, 2024 жылы 86% - ға жетеді деп болжануда.
Қосымша білім беруді дамыту мақсатында білім басқармасы 2024-2026 жылдарға арналған Ақмола облысының балаларын қосымша білім берумен қамтуды ұлғайту үшін қолайлы орта құру жөніндегі кешенді жоспар әзірледі.
2024 жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру 14500 баланы қамти отырып, 15 қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтарының базасында, сондай-ақ 75900 баланы қамти отырып, 507 мектептің (тамағы бар/тамақсыз мектеп жанындағы алаңдар) базасында өткізілетін болады.
Бірінші кезекте демалыспен, сауықтырумен «тәуекел тобындағы» 19868 оқушы қамтылатын болады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2100 бала «Жалпыға бірдей оқыту» қоры есебінен тегін қала сыртындағы демалыспен қамтамасыз етіледі (жергілікті бюджеттен 121,5 млн.теңге бөлінді). Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталықтары филиалдарына 450 жолдама, «Звездный» балалар сауықтыру орталығына 150 жолдама бөлінді. «Қазақстан халқына» қоры ауылдық жерлерден 5-8 сынып оқушыларына арналған лагерьлерге 1005 жолдама бөлді. Сауықтыру мен демалыстың барлық түрлерімен 117 170 бала немесе 88,7% (2022 жылы 83,8%) қамтылатын болады.
Балалар демалысын және сауықтыруды сапалы ұйымдастыру, сондай-ақ сессия шешімін орындау мақсатында балалар сауықтыру ұйымдарын сапалы дайындау, ағымдағы және күрделі жөндеулерді уақтылы қаржыландыру, жазғы сауықтыру маусымына дайындық бойынша жол картасы әзірленді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 2024 жылы жобалық қуаты 12 200 орындық 9 мектеп, оның ішінде Целиноград ауданында 7 мектеп (9 200 орындық) және Көкшетау қаласында 2 мектеп (3 000 орындық) салу жоспарланған. 7 нысанда ғимараттардың қаңқалары тұрғызылды, Целиноград ауданындағы тағы 2 нысан бойынша бірінші қабаттың қабырғалары қаланды. Көкшетау қаласында 2 учаскеде сынама қадалар соғылды.
Мемлекеттік органдар өкілдерінің ақпаратын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы бірінші мәселе бойынша
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Облыстың аудандары мен қалалары бөлінісінде 2023 жылға бөлінген сома шегінде қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізілсін;
2.2. 2023 жылы іске қосу жоспарланған 6 балабақшаның құрылысын аяқтау және пайдалануға беру бақылауға алынсын (Қосшы қаласында 2020 жылы басталған 280 орындық, Целиноград ауданы Қараөткел ауылында 280 орындық, 2020 жылы басталған, 280 орындық Нұрлыкош ауылы, Красный Яр ауылы 2021 жылы басталып, 166 орынға жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі жандарға, 2021 жылы басталды, сөйлеу кемістігі бар балаларға 280 орынға, 2021 жылы басталды, Целиноград ауданы, Төңкеріс ауылында 140 орынға 2018 жылы)
2.3. Ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Ақмола облысының қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтарын жаңғырту және қалпына келтіру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы пысықталсын, атап айтқанда мемлекеттік лагерьлерді ағымдағы жөндеу бойынша өзгерістер енгізілсін;
2.4. Ерейментау ауданының «Жұлдыз» БСО күрделі жөндеу және ағымдағы жылы «Сұңқар» сауықтыру кешенінің спорт блогын күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың аяқталуын бақылауға алсын;
2.5. 2023 жылғы барлық балалар сауықтыру лагерьлерінің, оның ішінде «Сұңқар» сауықтыру кешенінің жүктемесі бойынша талдау жүргізілсін;
2.6. Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарынан балаларды қала сыртындағы лагерьлерге жолдамамен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ «Жалпыға бірдей оқыту» және «Қазақстан халқына» қорлары бойынша мемлекеттік сатып алудың тиісті рәсімдері белгіленген мерзімдерде өткізілсін;
2.7. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес «Сокол» балалар сауықтыру орталығын сенімгерлік басқаруға беру рәсімдері жүргізілсін;
2.8. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыс аумағындағы (бос тұрған және уақытша жұмыс істемейтін) жеке балалар сауықтыру орталықтарының, атап айтқанда «Эдельвейс» және «Спутник» БСО жұмыс істеуін бақылауға алсын;
2.9. Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен, Қосшы қаласының әкімдігімен бірлесіп ағымдағы жылы Қосшы қаласында 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысын аяқтау және уақтылы пайдалануға беру жөніндегі жұмыс жандандырылсын.
3.1. Қосшы қаласының әкімдігімен бірлесіп Қосшы қаласында 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысын аяқтау және мектепті уақтылы пайдалануға беру жөніндегі жұмыс жандандырылсын;
3.2. 2024 жылы тапсыруға жоспарланған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 9 мектеп салу бойынша сапалы және тиімді жұмыс жалғастырылсын.
Екінші мәселе бойынша:
Облыста мемлекеттік тіл деңгейін арттыру мақсатында 21 мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жүйелі жұмысы жүргізілуде. Соңғы 3 жылда тіл оқыту курстарына тартылған тыңдаушылар саны 51%-ға, ондағы мемлекеттік қызметшілер үлесі 54%-ға артып отыр. 2024 оқу жылында 322 топ, жалпы 3 727 тыңдаушы қабылданды, оның ішінде мемлекеттік тілден 3 103, ағылшын тілінен 624. Бұдан басқа, 2023 жылы облыс бойынша 1341 этнос өкілі қазақ тілін үйреніп, сертификат алды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың үлесі 96%-ды, ал жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мемлекеттік тілдегі үлесі 28,6 % құрады. 2024 жылдың I жартыжылдығында 6 мемлекеттік мекемеге тіл заңнамасының сақталуы бойынша профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Ақмола облысында ономастикалық жұмыстар Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған облыстық жол картасына сәйкес жүргізіледі. 2023 жылы облыс аумағындағы 9 ауыл, 3 ауылдық округ және 58 көше қайта аталды.
Халықпен түсіндіру жұмыстары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары бойынша консультациялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және Ақмола облысының топонимдерінің тарихи атауларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс тұрғындары арасында тарихи географиялық атаулар туралы ақпаратты насихаттау мақсатында 2023 жылы БАҚ пен әлеуметтік желілерде 300-ден астам жарияланымдар шықты.
Ақмола облысы бойынша 2024 жылы атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген 18 елді мекен мен 35 құрамдас бөлікті ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен қайта атау жоспарланды.
Мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдар өкілдерінің ақпаратын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері екінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
5.1. Аудандар мен қалалардың Тілдерді дамыту орталықтарының сапалық және жүйелі жұмысына мониторинг жүргізілсін (2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы қызметтер мен қызмет түрлерін алушылардың сандық және сапалық талдауы, оқытушылар құрамы және т. б.);
5.2. Көшелердің атауы мен атауын өзгерту жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында ономастикалық комиссияда Көкшетау қаласының Бірлік шағын ауданындағы көшелер атауы, Зеренді ауданының Зеренді ауылындағы Ленин көшесінің атауын өзгерту жөніндегі мәселелер қаралсын;
5.3. Ақмола облысында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асырудағы проблемалық мәселелерді қарау, сондай-ақ «Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ құру мәселесі бойынша Ақмола облысының Қоғамдық кеңесіне хат дайындалсын;
5.4. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуде, оның мәртебесін арттыруда және бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде радио арқылы білімін кеңінен насихаттауда белсенді ақпараттық жұмысты жалғастыру, жаңа тәсілдер мен құралдарды барынша тиімді қолдану.
Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2024 жылғы 3 маусымға дейін берілсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссия төрайымы А. Балташева