Ақмола облыстық мәслихатының
әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Көкшетау қ. 15.03.2024 ж.
Қатысқандар: Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, аудандық және қалалық мәслихаттардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағалары, шақырылғандар (тізім қоса беріледі).
Күн тәртібінде:
Бірінші мәселе бойынша:
Облыстық ішкі саясат басқармасының және Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының ақпаратын тыңдап, талқылай келе, депутаттар - облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері Ақмола облысында жалпы жастар саясаты саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 225 мыңнан астам жастар тұрады. Жастар өңір халқының жалпы санының 29%-н құрайды, оның ішінде қалада – 40,2%, ауылдық жерлерде-59,8%.
Жастармен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі жұмысқа орналасу, NEET санатындағы жастар санын азайту, жастарға білім беруге жәрдемдесу болып табылады.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 191 маманға 967 млн. теңге сомасына бюджеттік кредиттер және 854 маманға 294 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы төленді.
Сонымен қатар, жастарды жазғы демалыс кезінде жұмысқа орналастыру мақсатында өңірде «Жасыл ел» жобасы іске асырылуда, Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы беріледі, еріктілер ұйымдары белсенді жұмыс істейді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жастар саясаты саласында бірқатар проблемалық мәселелер белгіленді.
Өзекті мәселелердің бірі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстың және аудандардың ЖРО-н кабинеттермен қамтамасыз ету және ЖРО қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі болып табылады.
Мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдар өкілдерінің ақпаратын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы бірінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. ЖРО-ның оның қызметкерлеріне арналған кабинеттермен және жастармен іс-шаралар өткізуге арналған коворкинг-орталықтармен қамтамасыз етілуіне талдау жасау;
2.2. Аудандар мен қалалардың ЖРО штаттық қызметкерлерінің жалақысы бойынша талдау жүргізу. Талдау негізінде жалақыны көтеру мәселесі әлі шешілмеген аудан және қала әкімдеріне (Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Біржан Сал ауданы, Бұланды, Ерейментау, Егіндікөл, Есіл, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды, Целиноград) хат дайындалсын;
2.3. Мәдениет басқармасымен бірлесіп аудандар мен қалалардың ЖРО үшін мәдениет мекемелерінің ғимараттарында үй- жайлар ұсыну мүмкіндігін қарастыру;
2.4. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын іске асырудың сапасы мен тиімділігіне аудандар мен мамандықтар бөлінісінде талдау және мониторинг жүргізіліп, бақылауға алынсын;
2.5. Аудандар бөлінісінде «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру тиімділігіне талдау және мониторинг жүргізілсін;
2.6. Пилоттық жоба ретінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша «Көкшетау Жастары» бағдарламасын бақылауға алсын.
2.7. Білім басқармасымен бірлесіп Степногорск қаласының «Жастар» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің соңғы 3 жылдағы тұрғын үй алуға кезектілігі бойынша талдау жүргізу.
Екінші мәселе бойынша:
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ директорының ақпаратын тыңдап, талқылай келе, депутаттар - облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыларға көмек көрсету мәселелерін шешу үшін негізгі шаралардың бірі жергілікті атқарушы органдардың отбасын қолдау орталықтарын (бұдан әрі-Орталықтар) ашу және өңірлерде дағдарыс орталықтарының жұмысы жөніндегі жұмысын үйлестіру болып табылады.
Ақмола облысы бойынша 2022-2023 жылдары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 5 орталық құрылды (2022 ж. - Степногорск қ., Қосшы қ., Атбасар ауданы: 2023 ж. - Бурабай және Шортанды аудандары).
Орталықтарды 2027 жылға дейін ашу жоспары: 2024 жылы – 2 орталық-Зеренді ауданы, Көкшетау қаласында, 2025 жылы - 2 орталық – Бұланды және Целиноград аудандарында, 2026 жылы - 3 орталық – Ақкөл, Аршалы және Ерейментау аудандарында, 2027 жылы – 3 орталық - Астрахан, Есіл, Жақсы аудандарында.
Орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге 2023 жылы облыстық бюджеттен 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді.
2018 жылдан бастап облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жобалар іске асырылуда. Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған панасы бар 6 дағдарыс орталығы (Көкшетау қаласы, Степногорск қаласы, Атбасар ауданы Атбасар қаласы, Бурабай ауданы Щучинск қаласы, Бұланды ауданы Макинск қаласы, Целиноград ауданы Ақмол ауылы), панасыз 3 консультативтік пункт (Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы, Жарқайың ауданы Державинск қаласы, Қорғалжын ауылы) жұмыс істейді Қорғалжын ауданы).
2023 жылдың қорытындысы бойынша орталықтар мен консультативтік пункттерге мұқтаж 242 азаматқа, оның ішінде 87 әйел мен 155 балаға қызмет көрсетілді, мемлекеттік бюджет қаражатынан шамамен 85 млн. теңге игерілді (ОБ – 74 млн.теңге, ЖБ – 11 млн. теңге).
Мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдар өкілдерінің ақпаратын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы екінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
4.1. Қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін отбасыларды кешенді сүйемелдеу мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін отбасыларды қолдау орталықтары мен дағдарыс орталықтарын ашу, жұмыс істеу және қаржыландыру процесін бақылауды және үйлестіруді жалғастыру;
4.2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы қызметтерін алу үшін бірыңғай портал құру мүмкіндігін қарастыру.
4.3. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталықтарының және Отбасын қолдау орталықтарының сапалы және жүйелі жұмысына мониторинг жүргізу (2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы қызмет алушылар мен қызмет түрлерін сандық және сапалық талдау);
4.4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне отбасыларды қолдау орталықтары жұмысының бірыңғай стандартын немесе тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу;
4.5. Аудандар мен қалалардың отбасыларын қолдау орталықтарының мамандарын жедел ден қою топтарының құрамына қосу мүмкіндігін қарастыру, бұл отбасыларды қолдау, сүйемелдеу және өмірлік қиын жағдайдан шығару бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру үшін отбасылар контингенті бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді;
4.6. Орталық қызметкерлерінің отбасы мәртебесін және көрсетілетін көмектің сипатын сапалы талдау үшін ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету (әртүрлі құрылымдардан бір бенефициарларға көмекті қайталау);
4.7. Агрессорлармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ агрессорлардың одан әрі мінез-құлқын бақылау үшін ҚР полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерін тарту жөніндегі мәселені қарастыру, олармен жүйелі негізде жан-жақты жұмыс (медициналық, психологиялық, жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыс) жүргізу;
4.8. Орталықтардың қызметіне бақылауды күшейту, жүргізілген консультацияларды дұрыс есепке алу үшін бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндігін қарастыру.
Үшінші мәселе бойынша:
ҚР Қан қызметін дамыту тұжырымдамасына сәйкес және әлемдік үрдістерге сәйкес республиканың қан қызметін қайта ұйымдастыру, оның ішінде аудандық ауруханалар жанындағы қан құю бөлімшелерін жабу жүргізілуде. Қан қызметін орталықтандыру облыс орталығы деңгейінде жүзеге асырылады. Бұл қымбат және ресурстарды қажет ететін қан дайындау және донорлық қан скринингі технологияларын пайдаланудың ұтымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.
2023 жылы Степногорск қаласында қан компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау және беру пункті жабылды. Бүгінгі күні Көкшетау қаласының Облыстық қан орталығы Атбасар ауруханасының базасында орналасқан Атбасар қаласындағы құрылымдық бөлімшені жабу бойынша рәсімдерді жүргізуде (28.02.2024 ж. №76-әкімш. бұйрық).
Өндіріс процесінде толық цикл қажет болғандықтан, Атбасар қаласының пунктінде трансмиссивтік инфекцияларға (АИТВ, мерез, В және С гепатиттеріне талдау) зертханалық диагностика жоқ. Донорлық қан үлгілері Көкшетау қаласына жеткізіледі. Биоматериалды тасымалдауды курьерлік қызмет шарт бойынша, айына орта есеппен 10 рет жүргізеді. Тасымалдау кезінде кейде биоматериал зақымдалады (төгілу, сыну және т.б.), жинау мен жеткізудің қосымша шығындары пайда болады.
Бұдан басқа, осы пункттің бір орта медицина қызметкеріне нақты жүктеме күніне 2 донорды, Облыстық қан орталығында 10 донорды құрады.
Жалпы, құрылымдық бөлімшенің жабылуы Атбасар қаласындағы аурухананың және жақын маңдағы медициналық ұйымдардың пациенттерінің қан компоненттерімен уақтылы қамтамасыз етілуіне әсер етпейтіні атап өтілді.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзін және Облыстық қан орталығы директорының ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы үшінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
6.1. Атбасар ауруханасының базасында орналасқан Атбасар қаласындағы құрылымдық бөлімшені жабу бойынша тиісті рәсімдерді жүргізу;
6.2. Атбасар, Есіл, Жақсы және Жарқайың аудандарының медициналық мекемелерін қанмен және оның компоненттерімен уақтылы және сапалы қамтамасыз етуді бақылауға алу.
Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2024 жылғы 3 мамырға дейін берілсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссия төрайымы А.Балташева