Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы 15.03.2024

 

 

Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму

жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысы

 

Көкшетау қ.                                                                          15 наурыз 2024 жыл

 

Ақмола облысының агроқұрылымдарындағы

 көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған

 тұқым қорының жай-күйі және

жайылымдық жерлердің тапшылығы туралы

 

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола аумақтық инспекциясы басшыларының жағдайын зерделеп, есептерін тыңдай келе, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Ақмола облысында 2024 жылғы егіс науқанын жүргізу үшін тұқым материалымен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ ауыл халқын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы айтады.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының деректері бойынша ағымдағы жылы облыс бойынша тұқымға жалпы қажеттілік 536,8 мың тоннаны құрады, оның ішінде бүгінде 447 мың тонна немесе қажеттіліктің 83,3% бар.

Тұқым тапшылығын ішінара жабу үшін (90 мың тонна) облыстың аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінде тауарлық шаруашылықтарға өткізу үшін шамамен 10 мың тонна қалды.

Бүгінгі таңда бұл шаруашылықтарда шамамен 69 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ резервтерінде 150 мың теңге бағамен 233 мың тонна 3-санатты бидай бар.

Алайда, депутаттар форвардтық астықты сатып алудың төмен құны, фермерлерді субсидиялау, кредиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер және т.б. проблемалық мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, депутаттарға Қазақстан Республикасының аттестатталған субъектілері бөлінісінде сатуға арналған тұқымдардың қолда бар көлемі туралы ескірген ақпарат берілгені атап өтілді.

Облыс аумағында (Аршалы, Бурабай, Біржан сал, Есіл, Егіндікөл, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград аудандары) құрылтайшылардың пайшылар алдындағы міндеттемелерін орындамауына байланысты туындайтын шартты жер үлестерінен тұратын жер пайдалану құқығымен, дивидендтер, серіктестік құрамынан шығу, кепіл ретінде екінші деңгейдегі банктерге үлестерді заңсыз берумен байланысты шаруашылық серіктестіктерінің даулары орын алуда.

2022 жылдан бастап облыс аумағында пайдаланылмайтын және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету болып табылады.

Мәселен, 2022-2023 жылдары мемлекет меншігіне 506,8 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, оның ішінде егістік 76,3 мың га, жайылым 425,3 мың га, басқалары 5,2 мың га (оның ішінде 2022 ж - 302,4 мың га, 2023 ж – 204,4 мың га).

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша облыс аумағындағы жайылымдық жерлердің тапшылығы 64 елді мекенде 100% көлемде шешілді, 92 елді мекенде ішінара шешілді.

Бұдан басқа, әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 297,6 мың га алқаптағы жайылымдық жерлерді бірлесіп пайдалану туралы меморандумдар жасасты.

Облыстың 605 елді мекенінен 560,9 мың га алқаптағы жайылымдық жерлердің тапшылығы 393 елді мекенде байқалады, қалған 212 елді мекенде жайылымдық жерлердің профициті бар.

Ең үлкен тапшылық Зеренді ауданында (83,3 мың га), Целиноград ауданында (71,2 мың га), Біржан сал ауданында (53,9 мың га), Бурабай ауданында (40,7 мың га), Жақсы ауданында (38,8 мың га), Атбасар ауданында (35,3 мың га), Бұланды ауданында (31,9 мың га) орын алған.

Халықтың жеке ауласын жайылымдық алқаптармен қамту мақсатында ағымдағы жылға халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік органдардың ақпаратын, сондай-ақ депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола аумақтық инспекциясы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы басшыларының ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысына ұсынылсын:

- субсидияларды жыл сайын уақтылы бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- тұқым қорының сандық деректері бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін ақпаратты өзектендіру;

- пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару және алып қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру;

- халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5-тармағының орындалуы бойынша ақпарат беру, атап айтқанда жайылым тапшылығына байланысты әлеуметтік шиеленіс бар ауылдар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беру;

- «Қолдау» платформасында тіркеу бағасын реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

  1. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Ақмола облыстық өкілдігі:

- тауарлық астық бағасын қалыптастыру бойынша ақпарат берсін;

- көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту бойынша ұсыныстар берсін;

- қолда бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру бағдарламасын қол жетімділік пен адалдықтың қолайлы жағдайларына бейімдесін.

  1. Ақмола облысының ветеринария басқармасы

- ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордағы ақпаратты уақтылы өзектендірсін;

  1. Қабылданған шаралар туралы ақпарат 2024 жылғы 10 сәуірге дейін берілсін.
  2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аграрлық мәселелер және

индустриялық-инновациялық

даму жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы                                                           С. Сыздыков

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 апреля 2024