постановление постоянной комиссии по вопросам экономики и бюджета от 12 июля 2023 года

 

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының және мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын тыңдау бойынша отырысының

ҚАУЛЫСЫ

 

12.07.2023 ж.

 

Қатысқандар: Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық (қалалық) мәслихаттардың төрағалары, Атбасар, Целиноград, Шортанды аудандары және Көкшетау қаласы әкімдерінің орынбасарлары (тізім қоса беріледі).

Төрағалық етуші: Қойшыбаев М.С. – облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

 

Күн тәртібінде:

1                                             1.Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Сәкенұлы Әубәкіровті тыңдау.

2. Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Батталов Қайыргелді Ислямұлын тыңдау.

Облыстық басқармалар басшыларының ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутат-мүшелері Ақмола облысында жалпы қарастырылып отырған салаларда жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы екі ұлттық жобаны іске асыруда. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде облыстың 14 өңірінде 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарланған.

Облыс бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдарға 22 600 оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған.

Әлеуметтік салада 51 объектінің құрылысы жүргізілуде, 24,5 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде білім беру объектілері – 23, денсаулық сақтау – 4, спорт – 12, мәдениет – 5, әлеуметтік қорғау – 1 және т. б.)

Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына 12,9 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде 2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасы шеңберінде 51 тұрғын үйдің немесе 2,5 мың пәтердің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстың әлсіз қарқыны атап өтілді:

- Атбасар ауданы - 1 қыркүйекке дейін су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды көшіру үшін екі жүз пәтерлік үйді пайдалануға беру жоспарланған;

- Целиноград ауданында – екі жыл қатарынан 11 үй немесе 345 пәтер (10 кредиттік, 1 жалға берілетін) енгізілмей отыр;

- Көкшетауда – 2022 жылы қала бойынша 10 үйді (жалға берілетін – 4, кредиттік-6) немесе 616 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысы бойынша бірде-бір объект пайдалануға берілген жоқ. Соңғы жылдары Көкшетау қаласында мерзімдердің үзілуі үнемі байқалып келеді.

Басқарма бірнеше рет құрылыс алаңдарына шығып, жергілікті жерлерде мердігерлермен, тапсырыс берушілермен, техникалық және авторлық қадағалаулармен, құрылыстың әлсіз қарқыны, бюджет қаражатын уақтылы пайдалануға беру және игеру мәселелері бойынша кеңестер өткізген.

 

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы ағымдағы жылдың 6 айында 226,4 млрд. теңгеге 787 мемлекеттік сатып алу рәсімін (қайталама конкурстарды есептемегенде) өткізді:

- ашық конкурс тәсілімен-33,3 млрд. теңгеге (14,7%) 457 рәсім (58,1%);

- алдын ала біліктілік іріктеу тәсілімен 75 рәсім (9,5%) 247 млн. теңгеге (0,1%);

- рейтингтік-балдық жүйе тәсілімен 192,8 млрд. теңгеге (85,2%) 255 рәсім (32,4%)

Жыл басынан бері басқарманың атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған 976 конкурстық рәсімге (11,8%) 116 хабарлама келіп түсті (оның ішінде 16 қарсылық жіберілді, оның 3-і қанағаттандырылды, 13-і ҚР ҚМ қарауында).

 

Облыстық басқармалар басшыларының баяндамаларын, депутаттық корпус көтеретін проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Көкшетау қаласы, Атбасар және Целиноград аудандарының әкімдерімен бірлесіп:

- қаражатты тиімді игеру, жоспарланған үйлерді уақтылы іске асыру және пайдалануға беру жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын;

- 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде облыстық мәслихат аппаратына жоғарыда көрсетілген тармақты іске асыру жөнінде ақпарат ұсынылсын;

  1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ағымдағы жылғы 24 шілдеге дейінгі мерзімде облыстық мәслихат депутаттарының отырыс барысында айтылған сұрақтарына қосымшаға сәйкес жазбаша жауап дайындасын және ұсынсын.
  2. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармалары ағымдағы жылдың 24 шілдесіне дейінгі мерзімде Ақмола облыстық мәслихатына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу жолымен орталық деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелер бойынша хат дайындасын және ұсынсын, оны облыстық мәслихат депутаттары одан әрі ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жолдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

Экономика және бюджет мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы                           М. Қойшыбаев

 

 

 

Дата публикации
01 февраля 2024