постановление постоянной комиссии по вопросам экономики и бюджета от 14 июня 2023 года

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары отырысының қорытындысы бойынша

қаулы

 

 

 

Көкшетау қ.                                                                                                                                  2023 жылғы 14 маусым

 

 

2022 жылғы облыстық

бюджеттің атқарылуы

туралы есепті бекіту

туралы   

 

 

Қаржы басқармасының басшысы Т.С. Бөлтеновтің, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және 2022 жылғы Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұсынылған «2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» жобамен келіссін.
  2. Мыналар атап өтілсін:

облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуін қамтамасыз ету;

2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің жалпы көлеміндегі меншікті кірістер үлесін 1,4 пайыздық тармаққа ұлғайту;

қаражатты игеру бойынша көрсеткіштің 2021 жылмен салыстырғанда 100%-ға дейін өсуі (0,4 пайыздық тармаққа);

игерілмеген қаражат сомасын 1,5 млрд. теңгеге төмендету (2021 жылы - 1 754,9 млн. теңге);

салықтар бойынша берешекті 1,8 есе немесе 3,1 млрд. теңгеге ұлғайту;

ескіру мерзімі өткен 309,5 млн. теңге мөлшерінде дебиторлық берешектің болуы;

кредиторлық берешектің 1,8 есе өсуі;

бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің 53 көрсеткішінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне толық көлемде қол жеткізбеуі.

Бұдан басқа, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары 29 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтаған жоқ.

  1. Мынадай мемлекеттік органдардың бюджетті атқаруы бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілсін:

- құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы - республикалық бюджеттен 34,6 млн. теңге трансферттер игерілмеген, өткен жылдардағы дебиторлық берешек (304,2 млн. теңге), кредиторлық берешек (38,1 млн. теңге), 20 инвестициялық жоба іске асырылмаған;

- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы - 7 инвестициялық жоба іске асырылмаған;

- білім басқармасы - дебиторлық (1 668 млн. теңге) және кредиторлық (508 млн. теңге) берешектердің қомақты сомасы; басқарма және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары жалақыны, коммуналдық қызметтерді, салықтарды және басқа да төлемдерді негізсіз аударуда көрсетілген қаржылық бұзушылықтарға жол берді;

  1. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша тұрақты комиссиялардың қорытындысы бекітілсін және облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылсын (қоса беріледі).
  2. Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясын бекітуге «Ақмола облысының 2022 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» шешімнің жобасы енгізілсін.

 

 

 

Облыстық мәслихат төрағасы                                                       Б. Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық мәслихаттың

«2022 жылғы облыстық

бюджеттің атқарылуы туралы»

мәселесі жөніндегі тұрақты

комиссияларының қаулысына

қосымша

 

 

Ақмола облысының 2022 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп бойынша қорытынды

 

Бюджетті іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді.

Жалпы өңірлік өнім 2022 жылы 3 354 млрд.теңгені (алдын ала деректер), нақты көлем индексі – 108,4% құрады.

Өнеркәсіп (НКИ - 113,4%) және ауыл шаруашылығы (НКИ - 121,7%) өндірісінің, құрылыс жұмыстарының (136,8%) көлемі ұлғайды, тұрғын үйді іске қосу 2021 жылғы деңгейге қарағанда 105,8%-ды құрады. Облыс экономикасына 4,3% өсіммен 566 млрд. теңге жіберілді.

Еңбек нарығында 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орны, оның ішінде тұрақты 15 мың жұмыс орны құрылды. Орташа айлық жалақы 240,6 мың теңгені немесе 2021 жылмен салыстырғанда 123,1%-ды құрады.

Облыстық бюджетке түсетін түсімдер 100,3%-ға орындалды.   Түсімдердің жалпы көлемінде меншікті кірістер үлесінің ұлғаюы байқалады: 2020 жыл - 10,8%, 2021 жыл – 12,8%, 2022 жыл – 14,2%.

Берешек сомасы 4,9 млрд.теңгені құрады, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша (4,4 млрд. теңге).

Уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін белгілі бір жұмысқа қарамастан, берешектің өсуі, салық төлеуден жалтару проблемалары салықтық әкімшілендірудің тиімділігінің жеткіліксіздігін және камералдық бақылаудың, жоспарлы тексерулердің нәтижелілігін арттыру қажеттігін, осы мәселеде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтуды көрсетеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 100%-ды құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа өсті.

177,3 млн. теңге игерілмеген (2020 жылы – 227,2 млн.теңге; 2021 жылы-1 754,9 млн. теңге).  Игерілмеген қаражаттың жалпы сомасының 68,9 млн. теңгесі республикалық бюджет қаражатына тиесілі.

Игерілмеу жүйелі түрде қайталанатын себептер бойынша қалыптасты: ЖСҚ-ны түзету, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу, жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, жекелеген жағдайларда-сот талқылаулары, шарттардың талаптарына сәйкес жоба құнының 5% ұстап қалу, нақты көрсетілген жұмыстар мен қызметтер көлемі.

Жыл соңындағы дебиторлық берешек сомасы 2021 жылмен салыстырғанда 1 686,4 млн.теңгеге ұлғайып, 4 622 млн. теңгені құрады.

Қалыптасқан ағымдағы берешектің едәуір бөлігі шарт сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлеуді көздейтін құрылыс шарттары бойынша мердігерлерге берілген өтелмеген аванстар сомасынан тұрады. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының жалақыларды, салықтарды және басқа да төлемдерді негізсіз аударуда көрсетілген қаржылық бұзушылықтарға жол берді.

Кредиторлық берешек 623,6 млн. теңге сомасында қалыптасты, 289,6 млн.теңгеге ұлғайды.

2022 жылы 102 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтау жоспарланды, 73 жобаны іске асыру толығымен аяқталды, 29 жоба аяқталмады, оларды іске асыруға 3,1 млрд.теңге бөлінді, бұл жұмыстар жүргізу кестесінің артта қалуына, шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмауына байланысты. Игерілмеу сомасы 257 млн.теңгені немесе 8,4%-ды құрады.

Бюджеттік жүйенің негізділігі мен нәтижелілігі қағидаттарын сақтамау нәтижесінде бюджеттік бағдарламалардың 10 әкімшісі бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге толық көлемде қол жеткізген жоқ, жекелеген жағдайларда бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына толық көлемде қол жеткізілмеген (құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ішкі істердің атқарушы органы, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, облыс әкімінің аппараты).

Жергілікті атқарушы орган және баланс ұстаушылар мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін бос алаңдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етпейді, атап айтқанда, алаңдар болған кезде 27 объектіні жалға беру үшін өтінімдер берілмеген, оның ішінде: 8 денсаулық сақтау объектісі, 18 білім беру объектісі, 1 дене шынықтыру және спорт объектісі.

Өткен жылы Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру кезінде есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың 143 жоспарлы мәнінен 31-ге қол жеткізілген жоқ.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының қорытындысын зерделеу бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдау, жекелеген бағыттар бойынша нәтижелерге қол жеткізу көрсетілгенін, бюджетті атқару процесінде бұзушылықтар мен олқылықтар байқалғанын куәландырады. Бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалау және облыстық бюджеттің неғұрлым тиімді атқарылуы бойынша ұсынымдар берілді.

 

Қосымша: Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебі, қысқаша анықтама және слайдтар қоса беріледі.

 

 

 

Дата публикации
01 февраля 2024