Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысын тыңдау бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысының ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысын тыңдау бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысының

ҚАУЛЫСЫ

 

07.10.2023 ж.

 

Қатысқандар: әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы.

Төрағалық етуші:  А.К. Балташева – облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

 

Күн тәртібі

 

  1. Ақмола облысының мәдениет саласындағы өзекті және проблемалық мәселелер

 

Шешім қабылданды

 

  1. Ақмола облысының мәдениет саласындағы өзекті және проблемалық мәселелер

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубековна Сабитованың ақпаратын тыңдалды.

 

Ұсыну:

  • Ақмола облысының мәдениет басқармасына:

- мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті жабдықтарды сатып алу, мәдениет үйлерін салу, жөндеу мәселелерін шаруашылық субъектілері, демеушілік көмек есебінен іске асыру бойынша жұмыс істеу;

- депутаттық корпусты ақпараттандыру мақсатында облыстық мәслихатқа тұрақты негізде мәдениет саласының жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын ұсыну;

- Көкшетау қаласында шағын сахна орнату бойынша ақпарат беру;

- коворкинг-орталықтардың тиімді жұмыс істеуі бойынша (қолжетімділік, жайлылық және т. б.)проблемалық мәселені қарастыру;

- Егіндікөл ауданының мәдениет мекемелерінде интернет байланысын орнату бойынша ақпарат беру;

- креативті хаб құру тұжырымдамасын дайындау;

- әлеуметтік осал отбасыларының балалары мәдениет мекемелеріне жеңілдікпен бару мүмкіндігі туралы білім беру ұйымдарын хабардар ету;

- депутаттардың кітапхананың жертөле жайында коворкинг-орталық ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын қарау мақсатында М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерінің баруын ұйымдастыру.

 

2) Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына:

- 2024 жылғы 25 ақпанға қарай  «На той войне незнаменитой» кітабын шығаруда қаржыландыру мүмкіндігін  қарастыру (1 мың дана);

- Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстанның тіл саясатын қолдау және мемлекеттік тіл лайықты орынды алатын тиімді тілдік кеңістік құру мақсатында Көкшетау қалалық радиосының контентінің сапасын қарастыру.

 

3) Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Ақмола облысының «Ауғанстан  соғысы ардагерлері одағы»  ҚБ-мен бірлесіп:

- Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың                35 жылдығына арналған Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан республикалық турнир ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру;

- 2024 жылғы 4-6 шілдеде Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған кикбоксинг пен грек-рим күресінен турнирлер өткізу мүмкіндігін қарастыру.

4) Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның ұсынымдарын орындау жөніндегі ақпаратты ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсыну қажет.

5) Отырыс қаулысының тапсырмаларының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

 

Әлеуметтік мәселелер  жөніндегі

тұрақты комиссияның төрайымы                                            А. Балташева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Председатель постоянной

комиссии по социальным вопросам                                   А. Балташева

 

 

 

 

Дата публикации
25 октября 2023