Ақмола облыстық мәслихатының
әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкшетау қ. 04.10.2023 ж.
Ішкі саясат, цифрландыру және
мұрағат салаларының
проблемалық мәселелері туралы
Облыстық басқармалардың ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының депутат-мүшелері Ақмола облысында тұтастай алғанда қаралып отырған салалардағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы 6 жобаны іске асырды: бейнебақылау жүйесі енгізілді (Көкшетау қаласының 25 мектебі, 80 аудандық мектеп); өтініш беру мүмкіндігімен кәсіпкерлер үшін бизнес құқықтарын қорғау бойынша телеграм бот әзірленді; табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері цифрландырылды (45 қызмет: Көкшетау жылу, Көкшетау Су-арнасы); Көкшетау қаласының білім беру мекемелерінде орталықтандырылған антивирустық жүйе іске қосылды; мұрағаттық іс және денсаулық сақтау саласындағы мекемелерде құжат айналымы енгізілді; «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2027 жылдарға арналған Ақмола облысының елді мекендерін интернет желісіне және байланысқа сапалы қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді. Ағымдағы жылдың соңына дейін: дабыл түймелерін ЖБО-на шығарумен монтаждау (187 мектеп, 50 балабақша); Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында SOS (10 дана) түймелерін орнату; Wi-Fi жабдықтарын орнату және интернетпен қамтамасыз ету үшін қаланың барлық мектептерінде желілік инфрақұрылымға техникалық тексеру жүргізу.
Архив саласында архивтердің жүктелуі, жаңа ғимараттар салу қажеттілігі, архивтердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша проблемалық мәселелер бар.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ж. Қылышбаев өңірдегі жалпы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екенін айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейі байқалады. Басқарма тұрақты түрде 200-ден астам проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізеді. Көптеген мәселелер ТКШ саласына, көше-жол желісін, әлеуметтік нысандарды, жер қатынастарын және т. б. салу және жөндеу қажеттілігіне байланысты.
Этносаралық ортада жағдай тұрақты, этносаралық шиеленістер мен қақтығыстар фактілері тіркелмеген. Облыста 49 этномәдени бірлестік тіркелген, оның ішінде 19 ЭКҰ қоғамдық аккредиттеуден өтті. Достық Үйінің ғимаратында этномәдени бірлестіктердің 17 кабинеті орналасқан.
Облыста этносаралық ахуалға, оның ішінде деструктивті жарияланымдар мен өтініштерді анықтау тұрғысынан ақпараттық салаға жүйелі мониторинг жүргізілуде.
Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Ақмола облысында 212 мың жас тұрады. Жастар облыс халқының жалпы санының 27% құрайды. Қалада 119 мың (56%) жастар, ал ауылдық жерлерде - 93 мың (43%) жастар тұрады.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жастар өмірінің түрлі салаларында 12 индикаторға қол жеткізуді көздейтін 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Солардың бірі – «Жасыл Ел» жобасы бойынша сарбаздарды уақытша жұмыспен қамтуға квота беру. Алайда, Атбасар және Ерейментау аудандарында бюджет қаражаты толық көлемде бөлінбеген (Атбасар ауданында 2000,0 мың теңге бөлінді, 9 800,0 мың теңге қажет; Ерейментау ауданында - 1470,0 мың теңге бөлінген, 3010,0 мың теңге қажет). Қосшы, Степногорск және Бурабай, Бұланды, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жарқайың, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарында отрядтар жұмысын бастады. 3 ауданда (Ақкөл, Көкшетау, Сандықтау) «Жасыл Ел» бағдарламасы жүзеге асырылмайды.
Ішкі саясат басқармасы көтерген проблемалық мәселе «Қоғамдық даму орталығы» КММ және «Ақмола облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақы төлеу мәселесі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының баяндамаларын және депутаттық корпус көтеретін проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- келесі жобаларды енгізу бойынша ұсыныстар мен презентация дайындасын: санитарлық кітапшалар алуды цифрландыру, оқушыларды жан басына шаққандағы қаржыландыру және қосымша білім беруді автоматтандырылған есепке алу, тегін тамақ алу;
- Ақмола облысы бойынша мұрағат ғимараттарын салу және жөндеу қажеттілігі бөлігінде мұрағаттар бойынша анықтамалық ақпарат дайындасын.
- мемлекеттік тапсырыс бойынша ҮЕҰ жобаларын 2-3 жылға ұзарту туралы ұсынысты қарастырсын;
- арбаға таңылған мүгедектерді сүйемелдеу туралы жобаны енгізу бойынша ұсыныстар дайындасын;
- «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту бойынша талдау жүргізәп, ұсыныстар берсін;
- Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдарының қызметі бойынша облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясымен бірлесіп жұмыс кеңесін дайындап өткізсін;
- ҮЕҰ үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс өткізу мүмкіндігі туралы ақпаратты а. ж. желтоқсанда ұсынсын.
- «Ақмола жастары» бағдарламасын іске асырудың проблемалық мәселелері бойынша ақпарат беру.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Балташева