Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

 Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Көкшетау қ.                                                                  05.07.2023 ж.

 

Халықты және мәдениетті

әлеуметтік қорғау салаларының

проблемалық сұрақтары туралы

 

 

Облыстық басқармалардың ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары-мүшелері Ақмола облысында тұтастай алғанда қаралып отырған салалардағы проблемалық сұрақтарды шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда облыста өңірлік (жергілікті) сипаттағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларға негізделген әлеуметтік шиеленістің төмен деңгейі байқалады. Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасында 240-тан астам проблемалық сұрақтар көрсетілген. Инфрақұрылым, үлестік құрылыс сұрақтары, жер даулары, жеке шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлердің тапшылығы және т.б. ерекше бақылауда тұр.

Бұдан басқа, құқыққа қайшы материалдарды анықтау және таралу жолын кесу мақсатында медиа-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Биыл халықтың тіл мәдениетін арттыруға, ұлттық рухани жаңғыруды насихаттауға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді. 2023 жылы Ақмола облысы бойынша идеологиялық ескірген атаулары бар 59 елді мекен мен 282 құрамдас бөліктің атын өзгерту жоспарланып отыр.

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жанында 8 қоғамдық құрылым, сондай-ақ консультативтік-кеңесші орган Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Кеңесі (құрамында 27 адам) жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 5 әлеуметтік жоба жұмыс істейді. Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша дін сұрақтары бойынша 24 ақпараттық-түсіндіру тобының тұрақты жұмысы ұйымдастырылды.

         Жергілікті атқарушы органдар басшыларының баяндамаларын және депутаттық корпус көтерген проблемалық сұрақтарды шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Дін және ішкі саясат салаларындағы проблемалық сұрақтар бойынша ақпарат назарға алынсын.
  2. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына мыналар ұсынылсын:

         - қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйі бойынша, оның ішінде әлеуметтік шиеленіс ошақтары бойынша облыстық мәслихатқа тоқсан сайын ақпарат берсін;

         - Көкшетау қаласының жастарына жеңілдетілген кредит беру үшін «Ақмола жастары» бағдарламасының нәтижелері бойынша ақпаратты а.ж. 10 қарашадан кешіктірмей ұсынсын.

  1. Ақмола облысының дін істері басқармасына мыналар ұсынылсын:

          - құқықтық және теологиялық сауаттылықты арттыру бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;

           - облыстық мәслихатқа жобалардың аяқталуына қарай мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 5 жобаны іске асырудың тиімділігі бойынша талдау ұсынсын;

          - облыстық мәслихаттың депутаттық корпусына әлеуметтік сауалнамалардың қорытындылары, халықпен профилактикалық жұмыс бойынша ұсынымдар берілсін.

  1. Осы қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                     А.Балташева

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 июля 2023